Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Жемқорлыққа жол жоқ *.doc 39 KB
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары *.doc 34 KB
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары *.doc 34 KB
Үржар ауданында «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №234 қаулының орындалу барысы туралы есеп *.doc 34 KB
  Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»№ 986 Жарлығының орындалуы бойынша АҚПАРАТ *.doc 33 KB
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы *.doc 121 KB
Үржар ауданы бойынша кәсіби емес медиаторлар тізілімі *.doc 133 KB

"Өзіңнен баста"

 
  2015 ж.  
  2014 ж.  

 

Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 2017  
   
Антикоррупционный мониторинг 2017  
Антикоррупционный мониторинг 2016  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығының азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі

1. Департамент басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.у.а. Ж. Қабдолдақызы Сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
2. Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ. Сапарғалиев Сәрсенбі мен жұма күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
3. Алыс тұрғылықты жерлерден келген азаматтар және заңды тұлғалардың өкілдері келген күні қабылданады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарасы

2015 жылы 18 қарашада № 410-V  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа)  қолданысқа енгізілген болатын.Осы Заңның, 6 бабының 2) тармақшасына сәйкес  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінің бірі болып табылады.Заңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға төмендегідей түсінік берілген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау дегеніміз(ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
2015 жылы 29 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 18 бұйрығын қабылдады. Аталған нормативтік құқықтық акт мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

Заңгерлік және мемлекеттік
құқықтық бөлімнің бас маманы А. Турлиева

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарасы

2015 жылы 18 қарашада № 410-V  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (жаңа)  қолданысқа енгізілді. Бұл  заңның ерекшілігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінің кеңейуі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесіне төмендегідей іс шаралар жатқызылған:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтау;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау;
6) қаржылық бақылау;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер;
8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешу;
9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеру;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою;
13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.
Осының ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингке тоқталсақ,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министірінің 2015 жылы 29 желтоқсанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №16 бұйрығы қабылданды.Аталған бұйрық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл субъектілерімен жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің тәртібін анықтайды. Жоғарыда аталған заң талаптарын орындау мақсатында Үржар ауданы әкімінің өкімімен арнайы мониторингтік топ құрылды. Арнайы мониторингтік топ нормативтік құқықтық актілер талабы аясында жұмыс атқаратын болады.

Заңгерлік және мемлекеттік
құқықтық бөлімнің бас маманы А. Турлиева

Медиация

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. Дамыған Америка сиякты елдерде медиация 80 жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келеді екен. Біздің елімізде «медиация» дегеніміз не десек біреу білсе кейбіреулері біле бермейді. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі болып табылады. Медиация тәртібімен  жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.
Медияциямен кәсиби және кәсиби емес медиаторлар айналысады.

Жалпы медиатор деген ұғымға түсінік берсек,  Медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға.

Медиаторлар екіге бөлінеді:
1. Кәсіби медиаторлар олар медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған, (Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады.)
2. Кәсіби емес медиаторлар. (кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар.)
Жалпы медиаторды  адвокат, сот, прокурор деп емес келіссөздерді ұйымдастыратын сол келлісссөздердің медиация заңына сәйкес өтуін қамтамасыз ететін екі жаққа да тиімді және дұрыс шешім жасауға көмектесетін жәрдемдесетін тұлға деп түсінгеніміз абзал. Медиатордың басты міндеті - дауласушы тараптарды өз өмірлік тәжірибесі мен арнайы медиаторлық салада алған білімін толығымен кәсіби түрде қолданып, екі жақты келісімге келтіру. Бұл қоғамға да, дауласушы тараптарға да қажеті нәтиже болып табылады деп есептеймін.

Басты айтып өтетін нәрсе Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Азаматтар туындаған дауды өз таңдаулары қалаулары бойынша сот тәртібімен де шеше алады. Ол әркімнің Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген құқығы.Алайда, айтып өту керек  дауларды медиация тәсілімен шешідің ұтымды жақтары көп. Біріншіден, мемлекеттік баж салығының төленбеуі, сот органдарына жүгініп уақыт оздырмау, эмоциялық күйзелістің алдын алып дауды тез арада шешіп белгілі екі жаққа да тиімді шешімге келу. Мысалы, сотта қаралған іс бойынша бір жақтың ғана талабын қанағаттандырылып екінші жақтың талабы қанағаттандырылмай жатса медиация тәсілімен шешілетін дауларда екі жаққа да тиімді ұтымды шешімге келуменен аяқталуы мүмкін.

Аталмыш заң еңбек ұжымында, тұрмыста, бизнесте болатын келеңсіздіктерді мәдениетті түрде шешуге мүмкіндік беріп, сонымен бірге соттардың жүктемесін азайтып, бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал етеді деп ойлаймын. Кәзіргі кезде, бұл заң жер жерде насихатталуда. Дәл сондай мақсатпен ағымдағы жылы 9 шілдеде Үржар аудандық сот ғимаратында медиация тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге медиаторлар, адвокаттар және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша күнделікті жұмыс барысында медиация саласында жасалып жатқан жұмыстарды ары қарай жандандырып оны халық арасында кеңінен насихаттау керек деген қортындыға келді. Қалай болған күндеде, баса айтып өтетін нәрсе қолданыстағы заңдарымызға сәйкес азаматтарға дауларын  (сот тәртібімен немесе медиация тәртібімен) қай тәртіпте шешседе ерік өздерінде дегім келеді.

Заңгерлік және мемлекеттік құқықтық бөлімнің бас маманы А.Турлиева

Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ

Қазақстанның саяси бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс.

Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ. Біз өз тарапымыздан әрбір азаматты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ат салысуға шақырамыз.

Заңгерлік және мемлекеттік құқықтық бөлім

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Құрметті жиынға қатысушылар бугін баяндамада өзекті мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске арналады. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді. Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда. Осымен қатар, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 Жарлығы қабылданды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылғы 14 сәуірде «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» № 234 қаулысын қабылдады.

Жалпы стратегияға келетін болсақ стратегияда көзделген мәселелер келесілер:  шешімін талап ететін проблемалар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар, Мақсат пен міндеттер, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар, сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Осының ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға келетін болсақ стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс деп корсетілген.
Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді.
Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек ішінара нәтиже береді.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.

Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.Осы маңыздылық әркімімімізбен терең түсінулуі қажет және жұмыс барысында жүзеге асырылуы қажет.Кәзірен бастап мектеп оқытушылары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа төзбеу қағидасы балалар санасына сіңірілуі қажет.Осы маңызды ды жауапты іс болашақ ұрпағымызды тәрбиелеп білім беріп отырған Құрметті ұстаздар сіздерге жүктеледі. Қазақстанымыздың болашағы өскелең ұрпақ болғандықтан олардың саналы да арлы болуы көптен көп сіздерге байланысты. Жалпы мектеп әкімшілктері тарапынан осы мәселені ата аналар жиналысында өзгеде отырыстарды көтерулеріңіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттауларыңыз сұралады. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылатынына сіздерді сендіргім келеді.

Жалпы енді қысқаша облыс пен аудан көлемінде осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталатын болсақ 2011 жылы 21 мамырда Шығыс Қазақстан облысының әкімімен Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс шаралар жоспары бекітілген. Сонымен қатар, дәл осындай іс шаралар жоспары аудан әкімдігімен және барлық ауылдық округ әкімдерімен іс шаралар жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жоғарыда көрсетілген стратегияны орындау мақсатында, Үржар ауданы әкімі С. Зайнулдинмен 2015 жылы 12 мамырда «Үржар ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылға арналған кешенді әлеуметтік мәдени іс шаралар жоспары бекітілді. Тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.

Баяндамамды сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау – қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі болады деп аяқтағым келеді.
Қосымша сұрақтарыңыз болса жауап беруге дайынбыз.
Тындағандарыңызға рахмет.

Заңгерлік және мемлекеттік құқықтық бөлімнің бас маманы А.Турлиева

Сыбайлас жемқорлықты барлығымыз бірге жеңе аламыз

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың, сонымен қатар коммерциялық және өзге де мекемелерде басқару функцияларын  атқаратын адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.

Құрметті азаматтар! 

Біздің қызметіміз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік жағдайын туғызуға бағытталған.
Сондықтан біз Сіздермен бірлесе отырып, екіжақты тиімді, ұзақ мерзімді және ашық қызмет етуге аса көңіл бөлеміз. 
Егер Сізге лауазымдық адамдардың заңда көзделмеген әркеттері туралы, заң бұзушылықтары мен теріс қылытары туралы белгілі болған жағдайда төменде көрсетілген байланыс телефондарына бірден хабарласуларыңызды сұраймыз. 
Ақпараттарды алу барысында толығымен жасырындылық режімі сақталады.

23.08.2012 жылғы №1077 Үкімет қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес бір реттік ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қолдау көрсеткен жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы Сіз қалай хабарлай аласыз:
Сall-center – 1494  хабарлау.

(7232) 25-26-77 сенім телефонына немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментіне хабарлау: Өскемен қаласы, Лихарев, 2 көшесі. Хабарламаны anticorruption@kyzmet.kz электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 2 шiлдедегі Заңы

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыртаныстық, отбасылық жақындық).
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерi-мен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгi-ленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

(бұл Заңның 3 б. 3 т. 2) т. бойынша заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері)

Құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2013 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»№ 986 Жарлығының орындалуы бойынша АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» № 986 Жарлығын орындау мақсатында келесі іс шаралар атқарылды.
Үржар ауданы әкімі аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңын , жоғарыда аталған стратегияны, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған облыстық және жергілікті іс шаралар жоспарын басшылыққа алады.
Үржар ауданы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуына ішкі анализ және бағалау жасайтын арнайы мониторингтік топ құрылды.
15 қаңтар 2016 жылы Үржар ауданы әкімдігінде аудан көлеміндегі ауқымды семинар өткізілді. Аталған семинарға қолданысқа жаңадан енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңы түсіндіріліп жеткізілді.Аталған заң мәтіні аудан әкімінің ресми сайтында орналастырылды. Аудандық газетке мақала жарияланды.
16-18 наурыз күндері ауданымыздың білім беру ұйымдарының басшыларымен оның орынбасарларымен пресс конференция өткізілді. Бұл шарада қолданысқа енгізілген заң талаптары баяндалды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»№ 986 Жарлығының 4.5 тармағының талаптары яғни, бала кезінен тұлғаны сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңыздылығы қажеттілігі және соның орындалуы білім мекемелеріне жүктелетіндігі айтылып өтілді.
31 наурыз күні ауданымыздың Қоңыршәулі ауылдық округіне шығу арқылы халықпен кездесу өткізіліп, жаңадан қолданысқа енгізілген заң талаптары халық назарына жеткізіліп, түсіндірілді.
2016 жылдың 1 сәуір күні Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік қызметкерлердің және ауылдық округ мамандарының қатысуымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жүйесі» тақырыбында семинар өткізілді.
Үржар ауданының білім беру ұйымдарында 5-12 сәуір аралығында «Бала құқығы-адам құқығы» атты құқықтық апталық ұйымдастырылды. Аталған апталықта Үржар ауданы әкімі аппараты өкілдерінің қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларымен дөңгелек үстел, әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.Бұндағы мақсат келер ұрпақ санасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын саналарында қалыптастыру.
7 сәуір 2016 жылы  Ақжар ауылдық округіндегі Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ» тақырыбында семинар-бриффинг ұйымдастырылды.
4 мамыр 2016 жылы «Нұр Отан» ХДП ғимаратында қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлық қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілетін ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында ашық сұхбат алаңы өтті. Аталған шараға мемлекеттік мекеме тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасы қарауға және бекітілуге ұсынылды.
Бекітілген іс шара жоспарына сәйкес ауданымыздың 16 ауылдық округіне шығу арқылы тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуде  сыбайлас жемқорлық салысындаға заң талаптары мен өзгерістер айтылып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жұмыла жұмыс жасау қажеттілігі жеткізіліп, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ат салысуға  шақырылды.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды түп тамырымен жоюға бағытталған жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту, сондай ақ елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның аса маңызды ролін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселесіне әлеуметтік жакпкершілігіне қарамастан коммерциялық емес ұйымдар, заңды тұлғалар, саяси партиялар өкілдерін, жеке азаматтарды қатыстыру мақсатында ауданымыздың 1 430 азаматымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қол қойылды.Келісімге отырудағы мақсат қазақстандық қоғам болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп іс қимыл жүргізу болып табылады.
Осы бағытта жұмыстар жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

Үржар ауданы әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы А.Турлиева

 

Сыбайлас жемқорлық