Әлеуметтік сала

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

Жалдамалы жұмыспен қамтылу

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда аудан бойынша филиалдардын, сондай-ақ барлық мекемелерде денсаулық сақтау, білім беру, басқару органдарын,  мемлекеттік басқаруды қосқандағы ірі және орта кәсіпорындарда жалданып жұмыс істейтіндердің саны 6952 адамды құрап. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсандағы деңгейден 0,7 %-ға көбейді.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтіндердің саны құрылыста – 8,3 %-ға білім беруде – 1,6 %-ға өсті. Сонымен қатар кейбір салаларда жұмыс істейтін адамдар саны кеміді. Олар өңдеу өнеркәсібінде – 1,4  %-ға, Денсаулық сақтау және
әлеуметтік қызметтер – 1,7 % - ға, кеміді.

Үржар АСБ бастығы Ыдырышбаев Б.Г

Еңбекақы

2015 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында орта және ірі кәсіпорындағы филиалдарды сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру, басқару т.б органдары,  жұмыскерлер жалақысының жалпы қоры   5688150  мың теңгені құрады. (2014 жылдың қаңтар—желтоқсанға қатысты алғанда 7,1%-ға) артты. Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан айында 70454 теңгені құрады және 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға  өсті. Орташа айлық жалақының өсуі  денсаулық сақтауда (3,0%-ға), білім беру саласында (6,3 %-ға) өнеркәсіпте (0,9%-ға )өсті.

Үржар АСБ бастығы Ыдырышбаев Б.Г

Тұрғындарды жұмыспен қамту, оның ішінде жастарды жұмысқа орналастыру бойынша ауданда іске асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың пәрменділігі туралы

2014 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен 582 адам келді. Олардың барлығы дерлік жұмыссыз ретінде есепке алынып, әлеуметтік қорғаудың пәрменді шараларына қамтылды.

Аймақты дамыту бағдарламасы бойынша төлемді қоғамдық жұмыстарға 428 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 17 адам жіберіліп, олардың келісім-шарт мерзімдері біткеннен кейін тұрақты жұмысқа 6 адамы орналасты. Жастар іс-тәжірибесіне жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітіріп келген 29 жасқа дейінгі 14 адам жолданып, келісім-шарт мерзімдері біткеннен кейін тұрақты жұмысқа 6 адамы орналастырылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіби оқытуға 30 адам жіберіліп, оқуларын аяқтағаннан кейін барлығы алған аспаз және таркторист-машенист мамандықтары бойынша жұмыс берушілердің алдын-ала берген өтінімдері бойынша тұрақты жұмыстарға орналасты.

Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қорғау мәселесіне де көңіл бөлінеді. Жұмысқа орналасу мәселесімен келген 582 адамның 163-і немесе 31,8 %-ын 29 жасқа дейінгі жастар құрады, жұмысқа орналастырылған 412 адамның 123-і немесе 29,8 % жастар. Сондай–ақ төлемді қоғамдық жұмыспен қамтылған 428 адамның 103-і немесе 24,6 %-ын жастар, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген 17 адамның 5-уі жастар немесе 29,4 %, кәсіби оқытуға жіберілген 30 адамның 5-уі жастар немес 16,7 %.

Жыл басынан 412 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмысқа  орналасу мәселесімен келгендердің 83,4 % құрайды.
896 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2015 жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздардың саны 189 адам, олардың 35-і жастар немесе 18,5 %.
Жұмыссыздардың экономикалық белсенді тұрғындарға шаққандағы үлесі 0,4 % құрады, бұл көрсеткіш өткен жылы 0,5 % болған.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткіз. Өткен жылы бос жұмыс орындарының 7 жәрмеңкесі өткізілді, оларға 327 жұмыс іздеп жүрген адамдар қатысты (оның 107-і жастар), 64 адам жұмысқа орналастарылды (оның 23-і жастар), уақытша жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне 28 адам қамтылды (оның 7-уі жастар).  

Мүмкіндігі шектеулі 44 адам аудан мекемелері, ұйымдары мен шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұған қосымша жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен 25 мүгедек адам қамтылды.

Жұмыспен қамту орталығы бойынша атқаралыған жұмыстар:

2014 жылы бағдарламаның І бағыты бойынша Ақшоқы, Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. Бахты ауылының дәргерлік амбулаториясына қоршау, Крупская, Абай және Алтынсарин атындағы орта мектептеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Горький, Крупская атындағы, Некрасовка, Алтынсарин, Көктерек, Игенбаев, Бестерек орта мектептерінің жылу қазандықтарын жөндеу, сол сияқты Үржар тірек-қозғалу аппараты функциаларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мекемеге көгалдандыру жұмыстары және Үржар колледжінің жатақханасын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған нысандарда  жоспар бойынша барлығы 151 жұмыс орны құрылып, соның ішінде 75 адам «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы жолдануы тиіс, іс жүзінде 106 адам жолданды (оның 26-сы жастар), жоспар 141 %-ға орындалды. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 27 адамға немесе 26 %-ға артып отыр.

ІІ бағыт бойынша барлығы 142 адам (оның 22-сі жастар) 309,5 млн теңге несие алды. Несие алу арқылы 101 адам жаңадан өз ісін ашып, 41 несие алушы ашылған кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды. 210 жұмыс орындары ашылды. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы несие алушылар саны 57 адамға 141,7 млн. теңгеге кеміді.

ІІІ бағыт бойынша 10 айлық кәсіптік даярлау курсына фермер мамандығына 1 қыркүйектен 19 адам жолданып (126 %), Үржар колледжінде оқуда (барлығы жастар).
Қайта даярлау курстарына барлығы жоспар бойынша 40 адам жолдануы керек болатын, нақты жолданғаны 43 адам (оның 32-сі жастар), жоспар 107 % орындалды. Осылардың ішінде 19 адам ауыл шаруашылық өңдірісінің тракторист-машинисі, 15 адам электрогазбен дәнекерлеуші, 1 адам қонақ үй әкімшісі, 8 адам электрик мамандығы бойынша қайта даярлау курстарын  аяқтап, шаруа қожалықтарына жұмысқа жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 40 адам жолдануы керек, ал жолданғаны 65 адам (оның 5-уі жастар) орындалуы 162,5 %. 2013 жылмен салыстырғанда 5 адамға артып отыр.
Жастар практикасына жоспар бойынша 20 адам жолданылуы тиіс, ал нақты жолданғаны 24 түлек (120%).

ШҚО әкімінің нысаналы топтағы азаматтарды бағдарламаға қатыстыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасы бойынша 937 бағдарламаға қатыстыру жоспарланған болатын, нақты бағдарламаға барлығы 1021 адам қамтылып, жоспар 109 % орындалды.

Жоспар бойынша 222 тұрақты жұмыс орындары құрылып, жоспар толық орындалды.
Бағдарламаға тапсырма бойынша 15 адам мүмкіндігі шектеулі адамдар қамтылуы тиіс болатын, нақты қамтылғаны 32 адам (213 %).

Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  С.Семенова

 

Парақтар өзгертілді: 15-04-2016