Әлеуметтік сала

Әлеуметтік көмек

«Мүгедек қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындардың тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» *.doc 32.5 kB

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша  үйде оқытуға жұмсаған шығындарды төлеу

Біздің   дамыған демократиялық қоғамымызда  қазырғы заманғы білім беру жүйесі  тұлғаның, оның ішінде  оқу барысында белгілі бір ерекше  қажеттілікті, қосымша  материалдар мен бағдарламаларды талап  ететін  
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алудағы жеке талаптарына сәйкес заңдастырылған.

Үржар аудандық жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  жергілікті бюджет есебінен  үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға жәрдемақы  тағайындап төлеу жұмыстарын  жүргізеді.  Аталған жәрдемақы  мөлшері 2016 жылдың қазан айына дейін 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 10605 теңге болған.

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициалық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі  Заңының 16 бабының  4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының  2005 жылдың 13 сәуіріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының  11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына және 16 бабына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес  Үржар аудандық мәслихаты ағымдағы жылдың қазан айында  мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша  үйде оқытуға жұмсаған шығындарды төлеу ережесі мен  мөлшерін  төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде  бекітті. 
Аталған төлем  үйден оқитын мүгедек баланың ( медициналық-әлеуметтік мекеме, арнаулы интернаттардың барлық түрлеріндегі толық мемлекет қарауындағы балалардан басқа балаларға) ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне отбасының табысына қарамастан бір  оқу жылы кезеңіне  тағайындалады. 

Бұл төлемдер  тағайындау  үшін «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет стандарттарын  бекіту туралы» Қаазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 28 сәуіріндегі №279  бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет  стандартының 9 тармағына сәйкес төмендегі құжаттар  тапсырылуы қажет.
1. Осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет Стандартының 1 қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш
2. Қызмет алушының жеке куәлігі
3. Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жай анықтамасы не ауыл әкімшілігінен анықтама)
4. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысы
5. Мүгедектік туралы анықтама
6. Банктегі есеп шот туралы анықтама
7.  Мектептен үйде оқитыны туралы анықтама
8. Аудандық дәрігерлік кеңес қорытындысы

Өтініштерді қабылдау  және мемлекеттік қызмет  көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға  арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы   және  көрсетілетін қызметті беруші, яғни жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы   жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Үржар аудандық мәслихатының қабылдаған шешімі  мемлекеттік тіркелуі үшін Әділет органдарына  жіберілген.

Үржар аудандық жұмыспе қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы    С. Семенова

 

Құрметті шығысқазақстандықтар, қымбатты демеушілер!

Әлемде қайырымдылық жасаудың бірнеше ғасырлық тарихы бар. Оның негізінде біреудің қайғысына өзінің мұңындай жаны ауыра қарайтын, қайырымды, қол ұшын беруге даяр, адамгершілігі мол көптеген мейірбан жандардың игілікті істері жатыр. Осыған, әлемде жыл сайын болып жататын жер сілкіністері, топан су жайлау басқа да апаттарға, қатерлі ауру эпидемиялары жэне басқа да нәубет тараған ошақтарға мыңдаган ерікті көмекшілер, волонтерлер, дәрігерлер топтарының жұмылуы дэлел бола алады. Мұндай мүмкіншілікке қолы жетпейтін адамдар жергілікті жердегі бейбітшілік пен мейірімділік акңияларына, марафондарына ат салысады, сөйтіп қайырымдылық шараларына өз үлестерін қосады.

Жыл сайын «Ізгілікті ниет» марафондарын өткізе келе біздің облыстың көптеғен азаматтарының жаны жомарттығына, шынайы адамсүйгіштіғіне, сонымен қатар жүректерінде адамгершілік оты лаулап түрғанына көзіміз жетті. Олар арамызда жүрген мүғалімдер, дәрігерлер, эр мамандықтың иелері.

Аймақтық қор облыста 17 жыл жұмыс істейді. Қор осы жылдар бойы тұрмысы төмен азаматтарға 222 млн. тенге пайызсыз шағын несиелер жэне 214 млн. тенгеден артық қайтарымсыз көмек берді.
«Благовест» Шығыс Қазақстанның балаларына» атты қор мен Мәскеулік «Благовест» халыққа көмек көрсету орталығының бірлескен багдарламасы аясында, 2006 жылдан бүгінге дейін Ресейдің сауықтыру орындарында денсаулықтарын түзету және демалуға аз қамтылған отбасылардан шыққан 175 бала жіберілді, соның ішінде 2014 жылы Семей, Риддер қалаларынан, сонымен қатар Шемонаиха, Глубокое, ¥лан аудандарынан Қара теңіз жагалауындагы Анапа қаласының «Русь» сауықтыру орталығында 10 бала барып қайтты.

Осының барлыгын іске асыруға қолдау көрсетіп, қорға қаражат аударып жүрғен «Жетім көрсең жебей жүр» деген қағиданы мықты ұстанган қайырымды жандар аман болсын.
Дәстүрге айналған облыстық «Ізгілікті ниет» марафонына жыл сайын барлық қалалар мен аудандар белсене қатысуда.                    
2014 жылы қорға негізгі қаржы Семей, Риддер қалаларымен Зырян, Бородулиха, ¥лан, Шемонаиха, Катон-Қарагай, Үржар жэне Күршім аудандарынан түсті. Аягөз, Глубокое жэне Бесқарагай аудандары эстафетаны ойдағыдай жалгастырды.

Қайырымдылықтың шекарасы жоқ, ол мәңгілік жасайды. Тыгырыққа тірелген адам, барар жер басар тауы қалмаған жагдайда көмекке келетін, қол ұшын созатын - мәрт азаматтардың бар екенін біле жүрсін.
1 сәуірден бастап «Ізгілікті ниет» марафоны басталды.

Біз барлық қайырымды жандарга үндеу тастаймыз.

Тағы бір мейірімді іс жасап өз рухани өмірлеріңізді байыта түсіңіздер!

Сіздерғе зор денсаулық, қуаныш және әр істе сәттіліктер тілейміз.


Шыгыс Қазақстан аймақтық қорьшың үилестіру Кеңесі және атқару дирекциясы Қор реквизиттері:

Тұрмысы төмен азаматтарды колдау жоніндегі Шығыс Қазақстан аймактық қоры ШН¥
Пошталык: Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 40-үй, 25 болме,
тел/факс:25-92-77, 28-50-79
Есепшоты: KZ866010151000016730
РНН 181600030365,
БИН 941040000364
БИК (МФӨ) HSBKKZKX.
«Қазақстан халық банкі» АҚ; Кбе 18;
КНП 119

«Благовест» халық жәрдемі орталығы - Халықаралык қоғамдық қайырымдылық ұйымы қоғамдық бірлестігінің ҚР Өкілдігі, Өскемен каласы,
Тоқтаров көшесі 101,
тел/факс:25-92-77, 28-50-79
Есепшоты: KZ496010151000055323,
РНН 181600230621,
БИН 040642010670
БИК(МФО) HSBKKZKX.
«Қазақстан халык банкі» АҚ; Кбе 28;
КНП 119