Аудан жайлы

Географиялық орны және табиғат жағдайлары

Аудан тарихыҮржар ауданы - Шығыс Қазақстан облысыныңәкімшілік-аумақтық бөлігі,1928 жылы ұйымдастырылған. Өскемен қаласынан 512 шақырым қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым.

Алғаш рет 1923 жылы Семей облысының (губерниясының) құрамында құрылды.1997 жылы оның құрамына Мақаншы және Таскескен аудандарының жерлері енді. Жерінің жалпы ауданы 23,4 мың км2. Тұрғыны 80,88 мың (2014). Аудандағы 55 елді мекен 27 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы — Үржар ауылы.

Үржар ауданы батысы мен солтүстік-батысында облыстың Аягөз ауданымен, солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстік-батысында Алматы облысының Алакөл ауданымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Үржар ауданының жер бедері едәуір күрделі. Егер оның солтүстік жағын Тарбағатай жотасының батыс сілемдері Қарауылтөбе, Ақтас (1316 м) және Ақшәулі (1618 м) таулары алып жатса, оңтүстік жағын Тарбағатай жотасының оңт. ұсақ шоқылы беткейі мен Алакөл ойысының солтүстік бөлігі, ал оңтүстік-шығыс бөлігін Бармақ құмы мен Қосай шағылы, Көрпебай (568 м),Бақты (1273 м), Арқарлы және Арасан таулары алып жатыр. Осыған байланысты ауданның жер бедері солтүстік-шығыстан оңт.-батысқа қарай едәуір еңіс келеді.

Аудан жерінде Тарбағатай жотасының ең биік жерлері Атбас тауы (2263 м) мен Тастау (2992 м) таулары және Тікжолдана, Қызасу, Ақшоқы, Кіші Сырғанақасулары орналасқан. Кен байлықтарынан құрылыстық тастар мен кірпіштік саздар бар.

 

Парақтар өзгертілді: 19-05-2015