Аудан жайлы

Жалпы мәліметтер

Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 23,4 мың шаршы шақырым. Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тарбағатай тауларының оңтүстік етегінде орналасқан.  Аудан орталығы Үржар ауылында 15106 халық тұрады. Ауданның елді мекендерінің аудан орталығына дейінгі ара қашықтығы 5-тен 100 шақырымнан артық.

Аудан орталығының облыс орталығына дейінгі ара қашықтығы 500 шақырымнан астам, жақын теміржол станциясы Аягөз қаласына дейін 170 шақырым. Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрамындағы 27 ауылдық округте 55 елді мекен бар. Аудан шекаралас аудандардың қатарына жатады, Қытай Халық Республикасымен шекаралас.
Табиғат - ауа райы тұрғысынан алғанда Үржар ауданы теңдесі жоқ өңір болып табылады. Онда дала, шөлейтті және тау  ландшафттары қатар орналасқан.
Ауданның көлік кешені келесі байланыс  түрін қамтиды: автомобиль және әуе жолдары.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нақты секторы мен әлеуметтік саланың  жағымды даму динамикасымен мінезделеді, Алакөл көлі жағалауының рекреациялық аймағы және «Барлық-Арасан» санаториялық-емдік нысаны туристтік әлеуетті құруға перспективалық өңір болып табылады. 
2017 жылғы 1 қаңтарына аудан халқы 78, 235 мың адамды құрады.

Ұлт өкілі

  • қазақ - 91,9%
  • орыс - 6,9 %
  • украин - 0,02%
  • неміс - 0,4%
  • татар - 0,22%
  • басқа ұлт өкілдері - 0,56%

Ауданда ауылдық округ- 27; Ауылдық елді мекен – 55; 2016 жылы халықтың 1000 адамына шаққанда жалпы коэффициент: бала туу 14,83-ті, өлім - жітім 7,89-ды, табиғи өсім 7,06-ны құрайды. Экономиканың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі; тамақ өнімдерін өндіру, кен өндіру өндірісі.

2017 жылдың 1 қаңтарына аудан көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 28 ауыл шаруашылық кәсіпорны, 2379 шаруа қожалығы және жұртшылықтың 20,2 мың жеке меншік қосалқы шаруашылығы айналысады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша  аудан көлемінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 48464,1 млн. теңгені құрады. Өндірілген өнімнің 61,1 пайызы егін шаруашылығында өндірілді. 2016 жылы  барлық егілген егістік  көлемі 186 099,3 гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар  50 451,1 га, майлы дақылдар 80065, картоп 2 502 га, көкөніс 1 1687,3 га, бақша дақылдары 1707,6 га, мал азықтық дақылдар 49686,3 га.

Күзгі егін жинау қорытынды жұмыстарының алдын-ала жиналған мәліметтерге сәйкес, барлығы: жиналған өнімнің көлемі    104 070 тонна. Сонымен қатар, 80 361,2 тонна майлы дақылдар,  61717 тонна картоп, 42986 тонна көкөніс және 40379 тонна бақша дақылдары  жиналып,  картоптың  1 га алынған  өнім 246,7 центнер,  көкөністің 1 га алынған өнім  254,8 центнер және бақшаның 1 га  алынған өнім 239,3  центнерді құрады. 2016-2017 жылдың қыстамасына 215,0 мың тонна қатаң мал азығы, 2,2 мың тонна сенаж дайындалды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген ет көлемі – 17 816,5 тонна, сүт – 73520 тонна, жұмыртқа – 16846 мың дананы құрады. 
Аудан бойынша ірі қара малы саны 83746 басты , оның ішінде, сиырлар – 39175 басты, қой мен ешкі – 237 312 басты, жылқы – 25 853 басты, шошқа – 2333 басты  және құстар –130 900 басты құрады.
Тау-кен өнеркәсібінің негізін көмір өндірумен «Мадина» ЖШС айналысады. Ауданның өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі 10,3 %. 2016 жылы тау-кен өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі – 320,2 млн. теңгені құрады.

Ауданның  әлеуеттік өнеркәсіп саласында  өңдеу өнеркәсібінің үлесі 79,6 %-ды құрайды. Өндеу өнеркәсібінің негізгі үлесі  қайта өндеу өнеркәсібіне тиесілі, оның негізі келесі салааралықтан тұрады: ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнімдерінің өндірісі. Өзге салаларға
3,8 %-ы тиесілі.

2016 жылы өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 2409,5 млн. теңгені құрады. Үржар ауданының экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Аудан тұрғындарының нан өнімдерімен, етпен, картоппен, көкөніспен толық қамтылуына қол жеткізілген.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен айналысатын өндірісі бір жүйеге қойылған, тәулігіне 3 тонна қуаттылығымен 60 астам өнім түрлерін шұжық өнімдерін өндірумен «Швабские колбаски» ЖШС ауданымыздың басты өндірушісі болып табылады.

Түрік технологиясымен ұн шығару жұмыстарын жүргізіп «Береке»шаруа қожалығы және ЖК «Карашев К.» тәулігіне 55-60 тонна қуаттылығымен аудан халқын толығымен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ аталған өнім аудан сыртына да шығарылып жатыр.

Ауданды нан өнімдерімен 38 наубайхана толығымен қамтамасыз етіп отыр. Тәулігіне 1300-1600 нан өнімдерін шығарып отырған «Тәтті-дәмді» ЖШС және «Төрлет» ЖШС өндіріс қарқынын белсенді арттыруда. «Ақберлі» ЖШС жылқы сүтінен қымыз өндіріп ауданды ұлттық сусынмен қамтамасыз етіп отыр.

2016 жылдың ірі және орта кәсіпорындар орташа қызметкерлер  саны 6709 адамды құрап,  орташа айлық жалақысы 87300 теңге мөлшерінде болды.
2016 жылы аудан экономикасына жұмсалған инвестиция көлемі 4556,6 млн. теңгені, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 4379,5 млн. теңгені, іске қосылған тұрғын үй көлемі 6211 шаршы метрді құрады. 2016 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 14642,7 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты. Тіркелген кіші және орта бизнес кәсіпорындарының саны 158 бірлікті, соның ішінде белсенді кәсіпорындардың саны 82 бірлікті құрады. 
Үржар ауданында 51 мектеп бар, оның 46 орта, 5 негізгі мектеп. Таскескен ауылында Үржар колледжі, Үржар ауылында 1 музыка, 1 спорт мектебі, Бестерек ауылында 100 орынды мектеп жанындағы интернат, Науалы ауылында бір балалар үйі, Мақаншы ауылында 150 орынды «Балалар шығармашылық үйі» жұмыс істейді. Аудан бойынша  43 балабақша жұмыс атқарып, онда 1559 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар,  50  мектепте ұйымдастырылған толық және қысқа күнді шағын орталықтарда 2892 бала қамтылған.

Аудан тұрғындарына 2 медицина бірлестігі, 2 ауылдық аурухана, 18 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек орталықтары, 8 медициналық, 22 фельдшерлік акушерлік пункттер қызмет көрсетеді.

Ауданда  3 мәдениет үйлері, 17 ауылдық клубтар, Үржар ауылындағы балалар мен жасөспірімдер театры, аудандық тарихи- өлкетану мұражайы және 8 кітапхана халыққа толыққанды қызмет түрлерін көрсетуде.

 

Парақтар өзгертілді: 18-08-2017