Қоғамдық кеңес

2016 жылдың 10 ақпанында Үржар ауданының Қоғамдық кеңесі құрылып, құрамына кірген 11 адам анықталды. Мұның басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру әрі халық пен билік арасын жақындастыра түсу болып табылады.

Қоғамдық кеңес-қоғамдық маңызы бар мәселелер туралы ой-пікір айту, бюджеттік бағдарламалардың, азаматтардың құқығына, бостандығына, міндетіне тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің, стратегиялық жоспарлардың жобаларын, аумақты дамыту бағдарламаларын талқылау, мемлекеттік аппаратты жетілдіру бойынша өтініштерді қарау, оның айқындылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарға заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау және оларды енгізу сияқты мәселелерді қарайды. Бұл билік пен қоғамның әріптестік байланысын нығайтады. Заң бойынша кеңес құрамының үштен екісі жұртшылықтан тұруы керек. Яғни жұртшылықтың қатысуымен көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік бар.

Үржар ауданының Қоғамдық кеңесінде 2016 жылы
қаралған сұрақтар жөнінде
анықтама

Үржар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрылып, жұмыс істей бастағанына 1 жылдай уақыт болды. Құрамында 11 адамы бар, алғашқы отырысы 2016 жылы 10 – ақпанда өткізілген. Жыл көлемінде Қоғамдық кеңестің  12 отырысы өткізілді.
Ең алғашқы отырыста Үржар ауданының әкімі С.З.Зайнулдиннің Қоғамдық кеңестің алдындағы «2015 жылы жергілікті атқарушы органдарының атқарған жұмыстары  және 2016 жылы алда тұрған міндеттер туралы»  есебі тыңдалып, қарастырылды.
Одан кейінгі отырыстарында төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

  • 2015 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы;
  • 2016 – 2018 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар  туралы – 3 отырыста;
  • 2017 – 2019 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы;
  • Жерге қатысты  заңнаманың нормаларын қолдануға мараторий енгізу, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау, жер туралы заңнамаға қатысты сұрақтар – 3 отырыста;
  • Маусымдық сауда орындарын белгілеу туралы;
  • Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары туралы;
  • Аудандағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы туралы;
  • Ауданда қысқы мерзімге жол қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінде жылу маусымына дайындықтың барысы туралы;
  • Терроризмге қарсы комиссия арқылы ауданның аумағында профилактика ұйымдастыру барысы туралы.

Үржар ауданының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Бітімбаев

Парақтар өзгертілді: 10-01-2017