Сіздің құқығыңыз

Жұмысқа қабылдау

Жұмысқа қабылдау кезінде  міндетті түрде жазбаша нысанда еңбек шарты екі данада жасалады, оның бір данасы жұмысшыға беріледі. Еңбек шарты негізінде жұмыс беруші жұмысқа қабылдау туралы Бұйрық шығарады.Сіз осы бұйрықпен, еңбек тәртіптемесімен, ұжымдық шартпен және лауазымдық міндеттемелеріңізбен оқып танысуыңыз қажет.

Бұл құжатттарды зейін қойып оқып шығыңыз. Еңбек шартында еңбек ақы, қосымша төлемдер, жұмыс және демалыс режимі, жыл сайынға ақылы еңбек демалысы ме н қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтылығы, жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен құқықтары жайлы, ҚР Еңбек Кодексінің 28 бабына сәйкес басқа да жағдайлар жазылып бекітілуі керек.

Заңгерлік және мемлекеттік құқықтық бөлімнің бас маманы А. Турлиева

Еңбек шарты

Еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттар:
1.Жеке күәлік «18 жасқа толмаған тұлғалар үшін туу туралы куәлік);
2.Білім, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжат;
3.Еңбек қызметін растайтын құжат(еңбек өілі бар адамдар үшін);
4.Алдын ала медициналық күәландырудан өткені туралы құжат (егер алдын ала медициналық күәландырудан өту міндетті болса).
Басқа құжаттар заңмен тікелей көзделген жағдайда ғана қажет.Мысалы, басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін негізгі орны бойынша ңбек сипаты мен шарттары туралы анықтама қажет.
Еңбек шартының мерзімі.
Еңбек шарты:
1.Бір жылдан кем емес белгіленген мерзімге;
2.Белгіленбеген мерзімге;
3.Белгілі бір жұмысты орындау уақытында;
4.Уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына;
5. Маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.
Еңбек шартының мерзімі өткен кезде тараптар оны белгіленген мерзімге ұзартуға құылы. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімін ұзартудың саны екі реттен аспайды. Егер еңбек шарты үшінші рет ұзартылса, онда еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.Еңбек шартының мерзімін ұзарту осы еңбек шартына қосымша келісім жасау арқылы жүзег асырылады.
Еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу.
Еңбек шартына толықтырулар мен өзгерістр енгізілуі мүмкін.Жұмыскер мен жұмыс берушінің келісімі негізінде.Жұмыс берушінің өз еркімен еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар еңгізуіне жол берілмейді.
Жұмыс беруші еңбек шартының жағдайларының өзгеруі туралы жұмыскерге жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Жұмыскер хабарламамен танысып, жұмыс берушіге өзінің қабылдаған шешімі туралы хабарлауы керек.

Заңгерлік және мемлекеттік
құқықтық бөлімнің бас маманы А.Турлиева

 

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Ішкі Істер органдарының басты мақсаты.Алайда,  қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтар да қатыса алады. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы олардың iшкi iстер органдарына ерiктi түрде жәрдемдесуi арқылы жүзеге асырылады.

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 590 Заңының 5 бабына сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуға ниет бiлдiрген азамат iшкi iстер органына өтiнiш бередi, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң не паспортының көшiрмесiн қоса бередi. Азамат көрсетiлген құжаттарға өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса беруге құқылы.

Iшкi iстер органы өтiнiш келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексередi, одан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына тиiстi қолдаухат берiп, оған ұсынылған құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркейдi, не қабылданған шешiмнiң себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде бас тартады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы келiп түскен қолдаухатты жетi жұмыс күнi iшiнде қарайды, азаматты тiркеудi жүргiзедi және оны қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебiне қояды, бұл туралы iшкi iстер органын жазбаша түрде хабардар етедi.


Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған не соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.

Үржар ауданы әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы А.Турлиева

 

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына нелер жатады?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-б. 2-т. сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
коммуналдық меншікті басқару;
жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) деген не?
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 1-б. 4)т. сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Мектеп алды даярлық қай жастан басталады?
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 Заңы Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.

 

Жеке өмірге қолсұғылмаушылық, жазысхан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзгеде хабарлардың құпиясын сөз ететін болсақ, Кодекстің 16 бабында белгіленгендей, азаматтардың жеке өмірі  жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, жазысхан хаттардың телефон арқылы сөйлескен сөздердің пошта, телеграф арқылы және өзгеде хабарлардың құпиясына құқығы бар.
Заңда көзделген жағдайлардан басқа, ешкім адамның келісімінсіз оның жеке өміріне қатысты ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқылы емес.

 

Тақырып бойынша хабарлама

1