Ішкі саясат

YEҰ

Үкіметтік емес ұйымдар назарына!

Шығыс Қазақстсан облысы ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады.
Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыру ұсынылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Ескерту

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар  (қоғамдық бірлестік, қоғамдық қорлар, заңды тұлғалар ұйымдары) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынады.

Коммерциялық емес үйымдардың мәліметтер ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» № 51 бұйрығымен реттеледі.

Жоғарыда аталған Ережелер және Әдістемелік ұсынымдармен ресми сайтта толық танысуға (infonpo.kz), сондай-ақ мәліметтерді электрондық түрде өткізуге болады.
Коммерциялық емес ұйымдардың уәкілетті органдарға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе жалған мәліметтерді ұсынуы үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған  (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 489-1-бабы).

Сондай-ақ, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы минисрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 739 бұйрығы)ҮЕҰ Дерекқорында мәліметтері жоқ коммерциялық емес ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

  ТВ арналған «жүгіртпе жолдың» жобасы *.doc 27 KB
  ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер жолдау мерзімі туралы ақпарат *.doc 46 KB
  Whatsapp мессенджері арқылы тарату жобасы *.doc 35 KB
  Әлеуметтік желілерде таратуға арналған ақпараттық беннерлер үшін тезистер *.doc 67 KB
  ҮЕҰ дерекқоры туралы жиі қойылартын сұрақтар және олардың жауабы *.doc 99 KB

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 14-01-2019