Ішкі саясат

Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар аудандық жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сулейменов Фархат  Асхатұлы Үржар аудандық жастар орталығының директоры - Сулейменов Фархат  Асхатұлы

Мен Сулейменов Фархат  Асхатұлы 1991 жылы 27 маусымда  Шығыс Қазақстан облысы Үржар  ауданы Үржар ауылында дүниеге келдім.
Отбасылық жағдайым үйленгенмін жолдасым Сулейменова Гульниса Муратжанова. Қазіргі кезде Үрджар  аудандық орталық  ауруханасы ДА2 ,учаскілік медбике болып жумыс істейді.
Екі балам бар:  Асхат Рахат  Фархатұлы 2012 жыл 7 мамыр дүниеге келген « І.Жансүгіров »  атыңдағы орта мектепте 1 сынып оқушысы
Асхат Архат  Фархатұлы  2014 жыл 22 қазан дүниеге келген
Грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткермің
2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық колледждің «Физкультура және көпшілік спорт» мамандығына оқуға түстім. 2010 жылы коллдежді бітірдім.

01.09.2010 – 07.12.2015 ж.ж. сақтандыру компаниясында менеджер жұмысын атқардым.
07.12.2015 – 25.12. 2016ж.ж Егінсу ауылында бапкерлік қызмет атқардым.
01.03.2017 - 10.05.2018ж.ж. Б.Тұрлыханов атыңдағы орта мектепте тәлімгер болдым.
14.05.2018 Үржар аудандық «Жастар орталығы» КММ директоры қызметіне тағайындалдым.

Директорының міндеттері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функицияларды жүзеге асырады.
2. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Уәкілетті орган арқылы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
3. Мекеменің басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді,Уәкілетті органға тікелей бағынады Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда және Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз фнкцияларын жүзеге асырына жеке жауапты болады.
4. Мекеме басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мекеме жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Мекеме қызметінің мәні Үржар ауданының жастар қоғамдық бірлестіктерінің, білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру болып табылады.

Мекеме қызметінің мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершлік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру.
Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Психологиялық-педагогикалық, медициналық- әлеуметтік, заңгерлік көмектер көрсетуді жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне кеңестер беру;
  2. Өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуде кеңес пен бағыт бағдар беру;
  3. Жас отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуде кеңес беру;
  4. Еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғауда кеңес беру;
  5. Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек алуларына қажетті мекемелерге жүгінуіне бағыт – бағдар мен кеңес беру;
  6. Жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай – ақ арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ- мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру (оңалту) мақсатында дұрыс бағыт – бағдар мен кеңес беру;
  7. Құқықтық насихат, жастарды жұмысқа орналасу, білім алу және кәсіптік даярлау, бос уақытты өткізу, туризм және спорт салаларындағы өз құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы хабардар ету;
  8. Жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да функциялар жөнінде кеңес беру;
  9. Жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, оған бағыт – бағдар беру.

Мекен-жайы: ШҚО облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы №327
Жұмыс уақыты: 9.00 – 18.30
Байланыс телефоны: сот: 8-778-614-75-75, үй: 8 (72230) 3-20-65
Сенім телефоны: 8(72-230) 5-53-09
Электрондық пошта: urzharjastary@mail.ru
Азаматтарды қабылдау күні: Дүйсенбі -Жұма

Парақтар өзгертілді: 15-04-2019