Ішкі саясат

Діни бірлестіктермен жұмыс

«…Біз - мұсылманбыз. Бірақисламдатүрліағымдар бар. Жәнесендер – «жасотандықтар» осы ағымдарғакіргенжастардыжаманнәрселердентежеугетиіссіңдер. Олардытәрбиелеулеріңкерек. Бізөзіміздімұсылманбыздегендехалықты орта ғасырғақарайтартпауымызкерек. Бізгеәрадамныңпікірі маңызды. Бірақбіздіңқыздарымыз бен әйелдеркиіпжүрген араб киіміхиджаббіздіңжолемес. Қазақкөшпендіхалықболған, біздіңертеденкележатқанөзжолымыз бар».

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан»
жастар қанатының 2-съезіндегі сөзінен.
Астана, 16 қараша 2012 жыл.

*****

«...Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз, тарихты оқып-үйрену, әсіресе оған жастарды тарту — аса маңызды. Бірақ мен пәренжі кигенге қарсымын. Әсіресе, хиджаб пен пәренжені студенттер мен оқып жүрген жастардың киіп жүргеніне қарсымын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған. Әрине, біз мұсылман дінінің барлық өкілдеріне құрметпен қараймыз, бірақ біздің өз жолымыз бар, өз ұлттық салт-дәстүрлеріміз бар».

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуіндегі сөзінен.
Түркістан, 11 наурыз 2011 жыл.

*****

«…Я всегда был против платков и паранджи. Наши женщины никогда не носили их и не прятали лица».
«…Я категорически против паранджи, особенно когда паранджу или хиджаб носят студентки или учащаяся молодежь. У нас никогда такого не было в истории, наша религия не имела такой традиции. Нужно уметь отличать истинную религию от навязанной нам»

Из выступления Президента Республики Казахстан
Н.А. Назарбаева на встрече с представителями творческой интеллигенции
Туркестан, 11 марта 2011года

*****

«… казахи были кочевым народом, что они должны помнить свою культуру, быть верными суннитской ветви Ислама, не должны одевать казахских женщин в хиджаб, не должны носить арабскую одежду»

Н.А. Назарбаева на II втором Съезде молодежного крыла «ЖасОтан» в г.Астане
16 ноября 2016 года

*****

«…Носить арабские хиджабы и отправлять девушек и женщин в средние века - не наш путь... Мы не будем свой народ тянуть назад… да наша религия мусульманство, мы поддерживаем мусульман и будем поддерживать в дальнейшем. Но в мусульманстве есть разные течения и направления. Вы, жасотановцы, не должны попасть под влияние псевдотечений»

«…Мы сунниты, у нас есть свой путь. Носить арабские хиджабы и отправлять девушек и женщин в средние века - не наш путь. Наши матери, пожилые люди сами знают, какую одежду, какой убор носить. Пусть сами решают. Но молодежь, которая учится, сами этого (ношения хиджабов) не будут делать, если им не поручат».

«…Конечно, мы мусульмане, в том числе сунниты. Это выбранный предками путь, основанный на уважении национальных традиций, уважении родителей, уважении старших. Наши предки никогда не покрывали лицо девушки. Поэтому и современное поколение, чтя исламские каноны, должно с уважением относиться к своим родным традициям».
«…Если прислушаться к ним, мы мало того, что должны заставить своих сестер и дочерей прятать свои лица, но перестанем садиться с ними за один дастархан. Они не могут водить машину, не могут свободно передвигаться, обучаться. Тогда как мы будем их воспитывать? Мы видим, каковы последствия такой политики. Мы должны держаться подальше от таких чуждых нашему менталитету проявлений. Я веду молодежь к XXI веку, к XX веку, а эти проблемы будут тянуть их в средневековье».

Из выступления на торжественном собрании ко
Дню Независимости республикиКазахстан
в театре оперы и балета «Астана Опера».
14 декабря 2012года

Біріңғай мектеп формасы оқушылардың жинақы киінуін міндеттейді

- ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі бұйрықты 9 наурызда жариялады. Аталған талаптардың 2.13-тармағында мектеп формасына қандай да бір дінге қатыстылықты айқындайтын киім элементтерін қосуға жол берілмейтіндігі белгіленген. 

Осыдан кейін, қоғам арасында түрлі пікірлер айтыла бастады. Бірі зайырлы мемлекеттің заң талаптарына бағынуды дұрыс деп шешсе, келесі бір топ өз (сыңаржақ) пікірлерін алға тартып, келіспейтіндіктерін білдіруде. Қоғамның қызу талқысына түскен осы мәселенің аражігін ажыратып, оңтайлы шешімін табу мақсатында белгілі дін мамандарың пікірлеріне жүгінгенді жөн санадық.

Балғабек МЫРЗАЕВ, теология ғылымының докторы: Мектеп киіміне қойылатын талаптар шектеу емес
Үстіміздегі жылғы наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қойылатын міндетті талаптарды бекіткенін хабарлаған болатын.
Онда мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығы туралы орынды талап көрініс тапқан.
Өкінішке орай, жекелеген азаматтарымыз осы бұйрық діндарлардың құқығын шектеп жатыр деп қоғам арасында түсініспеушіліктің туындауына себеп болуда.
Менің ойымша бұлай даурығудың жөні жоқ. Бұйрықта мектеп формасының түсін, пішінін таңдау орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес және ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі деп көрсетілген. Бұл оқушылардың, оның ішінде қыз балалардың біркелкі киінуіне мүмкіндік береді.

Талаптар қыз баланың діни сипаттағы орамал тағуына мектептің ішінде ғана рұқсат бермейді. Ал орта білім беру мекемелерінен тыс жерлерде оқушылардың киім кию үлгісіне ешкім шектеу қоймайды.
Сондықтан, Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты талаптарына түсіністікпен қарауымыз керек. Осы тұрғыда айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтарға барынша кең құқықтар берумен қатар, бір мезгілде олардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін де айқындап беретінін ескеруіміз керек.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман жамағаты және ата-аналар тарапынан мектеп формасына қатысты туындаған сауалдарға байланысты өз ұстанымын анық білдірді. Діни басқарма мұсылмандар мен ата-аналарды орта оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қоятын талаптарына түсіністікпен қарауға және бұл мәселені ушықтырмауға шақырды. Өйткені, бұл талап тек орта мектептерде киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында қабылданған шешім екенін жария етті.

Мен еліміздің барлық діндарларын халқымыздың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін басшылыққа алып, мемлекет заңдарына құрметпен қарап, балаларының жақсы білім алуын қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуге шақырамын.

Кеңшілік ТЫШХАН, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы: Ортақ түсіністікке келу ел руханияты үшін ауадай қажет
Қазіргі күні елімізде діннің қоғамдағы орны мен рөлінің күннен-күнге өсе түсуінен зайырлылық пен діни қағидаттардың аражігін анықтау шегінде бірқатар мәселелер туындауда. Бұл заңдылық, себебі мемлекет пен діни құндылықтардың атқаратын қызметі мен қояр талабы әртүрлі.

Осы мәселелердің бірі мектеп қабырғасында ортақ үлгідегі киім киюге қатысты талаптардан туындап отыр. Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген жаңа талаптарда діни үлгідегі киімге жол берілмейтіндігі нақты көрсетілді. Осы шешімге байланысты азаматтардың пікірі екіге жарылғандай болды. Бір тарап мұны конституцияға қайшы талап ретінде танытуға тырысса, екінші тарап мұны орынды талап деген пікірді ұстанып отыр.
Қазір бұл пікірді ушықтыра берудің еш қажеті жоқ. Мұны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да нақты атап өтті. ҚМДБ-ның ұстанымы бойынша елімізде зайырлы сипаттағы жалпы орта білім алудың міндеттілігіне байланысты аталған талапқа азаматтардың түсіністікпен және сабырмен қарауы керектігі айтылған.

Расында, бұл мәселеге сыңаржақ көзқарас ұстанудың қажеті жоқ. Еліміздің әрбір азаматы діни сенім бостандығына барынша құрметпен қарайтын мемлекет талаптарына түсіністікпен қарауы тиіс.
Бұл талап мектеп қабырғасындағы оқушылардың тәрбиесіне, киіміне ерекше мән беру қажеттілігінен туындап отыр. Парасатты ұрпақ білім мен рухани тәрбиенің тоғысуынан туындайтындығынан ескерер болсақ, мектеп қабырғасындағы қыздарымыз үшін ортақ киім формаларын қалыптастыру ұлт болашағы үшін қажет.

Еліміздің саналы азаматтары осындай қайшылықты мәселелерді желеу еткісі келетін кейбір мүдделі топтардың өздерін арандатуына жол бермеуі керек. Қазақ халқында «Мұсылмандық әсте–әсте» деген қағида бар. Сондықтан руханияттың дамуында асығыстық пен күйгелектік танытпай, ортақ түсіністікке келу еліміздің тұрақтылығы үшін ауадай қажет деп білеміз.
Мен өз тарапымнан әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы отбасылар мен әртүрлі көзқарастағы ортадан шыққан мектеп балаларына ортақ үлгідегі киім кию талабына қоюды құптарлық іс деп есептеймін.

Ершат ОҢҒАРОВ, философия және мәдени антропология ғылымдарының Ph.D докторы, исламтанушы:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты шығарған бұйрығынан кейін қоғамда әртүрлі пікірлер айтылуда. Бұл мәселе жөнінде еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген азаматтар ҚМДБ-на хабарласып, өз алаңдаушылықтарын білдіріп, сұрақтарын жаудырып жатыр. ҚМДБ осы жағдайларды ескере келе, мынадай мәселелерге басымдық бере отырып, өз ұстанымын жариялады.
Біріншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді.
Біз діндар азаматтарды оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарына түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырамыз, өйткені бұл қадам орта мектептердегі киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында қабылданған шешім болып табылады.

Екіншіден, жалпы орта мектеп оқушыларына қатысты ортақ киім формасы туралы жаңадан шығарылған бұйрықты бұра түсіндіріп, қолдан дау жасап, елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Елімізде берік орныққан тұрақтылық пен тыныштыққа қызғанышпен қарайтын белгісіз топтар осы бір сәтті пайдаланып, ақпараттық құралдар мен түрлі әлеуметтік желілер арқылы ел арасына бүлік салуға тырысуда. Сондықтан, әрбір іске сабырмен, байыппен қарау керек.
Үшіншіден, ҚМДБ заң бойынша діни бірлестік болып есептеледі. Ал діни бірлестіктер мемлекеттік мекемелердің саясатына араласа алмайды. Бұл – заң талабы. Діни басқарма қоғамнан бөлек өмір сүріп жатқан жоқ. Сондықтан мемлекеттің шығарған әрбір заңына дін қызметкерлері қашанда құрметпен қарайды.
Төртіншіден, ҚР Білім және ғылым министрлігі шығарған бұйрықта мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуларына болатындығы көрсетілген. Яғни қыздарының ұзын етек-жеңі бар, мектептің талаптарына сай киім киюін қалайтын ата-аналарға өз ұсыныстарын айтуларына мүмкіндік қарастырылған. Мен осы орайда жергілікті мектептерде киім үлгісін қабылдауда мұсылман жамағатының да тілегі ескерусіз қалмайды деп сенемін.
Алла Тағала баршамызды өзінің разылығына жететін, сүйікті құлдарынан болуды нәсіп етсін! Әмин!

Ел бірлігін нығайтуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған облыстық бейнероликтер конкурсының
Ережесі

Дін мәселелері, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Тәуелсіз Қазақстан – толеранттылық пен бірлік үшін!»  атты облыстық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты:

Дін саласындағы тұрақтылықты, халықтың бірлігін нығайту, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұруда жастардың рөлін күшейту, қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін кеңінен насихаттау.

Конкурстың міндеті:

Ұлттық салт – дәстүрлерді, Қазақстан халқының ұлттық рухани құндылықтарын дамыту;
Журналистерді және студенттік жастарды аталмыш тақырыпта шығармашылық ізденіске ынталандыру;
Қоғамда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мен қолдауға бағытталған материалдарды жұртшылық назарына жеткізу;
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін көпшілікке, соның ішінде радикалды діни идеологияның зиянды әсері туралы тұрғындарға жеткізу.

Бұл конкурсқа бұқаралық ақпарат құралдары, жекелеген журналистер, ЖОО мен колледж студенттері қатыса алады. Материалдар авторлық, плагиатсыз және Шығыс Қазақстан облысына қатысты болу қажет. Болек кадрларды  ақпарат көздеріне сілтемемен пайдалануға болады.
Роликтер мемлекеттік не болмаса орыс тілдеріндегі дыбыстаумен не болмаса титрлар мен қабылданады, ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек.

КОНКУРС БЕС НОМИНАЦИЯДАН ӨТЕДІ:

  • «ЖОО студентінің үздік ролигі»;
  • «Колледж оқушысының үздік ролигі»;
  • «Үздік журналистік ролик»;
  • «Үздік сценарий»
  • «Үздік қойылымдық ролик»

Дискідегі материалдарды конкурсқа қатысу өтінішімен бірге Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 510 каб. мекен-жайы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2016 жылғы 1 қарашаға дейін тапсыру қажет.

Конкурстың нәтижелері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында жарияланатын болады. Жеңімпаздар  ақшалай сыйлықтармен Өскемен қаласында марапатталады.
Авторлардың жұмыстарын алдын алу шаралары  аясында қолдануға келісім беру-конкурс шарттарының бірі болып табылады.
Согласие авторов работ на дальнейшее использование их материалов в рамках профилактической работы является одним из условий конкурса.

Тел: 8 7232 702937, 702934 a.omarbaeva@akimvko.gov.kz

Тапсырысы *.doc 33 KB

Діни ахуалды талдау және
мониторинг бөлімінің басшысы А. Омарбаева

17.03.2016

Біріңғай мектеп формасы оқушылардың жинақы киінуін міндеттейді

- ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі бұйрықты 9 наурызда жариялады. Аталған талаптардың 2.13-тармағында мектеп формасына қандай да бір дінге қатыстылықты айқындайтын киім элементтерін қосуға жол берілмейтіндігі белгіленген. 
 Осыдан кейін, қоғам арасында түрлі пікірлер айтыла бастады. Бірі зайырлы мемлекеттің заң талаптарына бағынуды дұрыс деп шешсе, келесі бір топ өз (сыңаржақ) пікірлерін алға тартып, келіспейтіндіктерін білдіруде. Қоғамның қызу талқысына түскен осы мәселенің аражігін ажыратып, оңтайлы шешімін табу мақсатында белгілі дін мамандарың пікірлеріне жүгінгенді жөн санадық.

Балғабек МЫРЗАЕВ, теология ғылымының докторы: Мектеп киіміне қойылатын талаптар шектеу емес
Үстіміздегі жылғы наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қойылатын міндетті талаптарды бекіткенін хабарлаған болатын.
Онда мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығы туралы орынды талап көрініс тапқан.
Өкінішке орай, жекелеген азаматтарымыз осы бұйрық діндарлардың құқығын шектеп жатыр деп қоғам арасында түсініспеушіліктің туындауына себеп болуда.
Менің ойымша бұлай даурығудың жөні жоқ. Бұйрықта мектеп формасының түсін, пішінін таңдау орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес және ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі деп көрсетілген. Бұл оқушылардың, оның ішінде қыз балалардың біркелкі киінуіне мүмкіндік береді.
Талаптар қыз баланың діни сипаттағы орамал тағуына мектептің ішінде ғана рұқсат бермейді. Ал орта білім беру мекемелерінен тыс жерлерде оқушылардың киім кию үлгісіне ешкім шектеу қоймайды.
Сондықтан, Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты талаптарына түсіністікпен қарауымыз керек. Осы тұрғыда айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтарға барынша кең құқықтар берумен қатар, бір мезгілде олардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін де айқындап беретінін ескеруіміз керек.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман жамағаты және ата-аналар тарапынан мектеп формасына қатысты туындаған сауалдарға байланысты өз ұстанымын анық білдірді. Діни басқарма мұсылмандар мен ата-аналарды орта оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қоятын талаптарына түсіністікпен қарауға және бұл мәселені ушықтырмауға шақырды. Өйткені, бұл талап тек орта мектептерде киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында қабылданған шешім екенін жария етті.
Мен еліміздің барлық діндарларын халқымыздың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзін басшылыққа алып, мемлекет заңдарына құрметпен қарап, балаларының жақсы білім алуын қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуге шақырамын.

Кеңшілік ТЫШХАН, философия ғылымының кандидаты, дінтанушы: Ортақ түсіністікке келу ел руханияты үшін ауадай қажет
Қазіргі күні елімізде діннің қоғамдағы орны мен рөлінің күннен-күнге өсе түсуінен зайырлылық пен діни қағидаттардың аражігін анықтау шегінде бірқатар мәселелер туындауда. Бұл заңдылық, себебі мемлекет пен діни құндылықтардың атқаратын қызметі мен қояр талабы әртүрлі.
Осы мәселелердің бірі мектеп қабырғасында ортақ үлгідегі киім киюге қатысты талаптардан туындап отыр. Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген жаңа талаптарда діни үлгідегі киімге жол берілмейтіндігі нақты көрсетілді. Осы шешімге байланысты азаматтардың пікірі екіге жарылғандай болды. Бір тарап мұны конституцияға қайшы талап ретінде танытуға тырысса, екінші тарап мұны орынды талап деген пікірді ұстанып отыр.
Қазір бұл пікірді ушықтыра берудің еш қажеті жоқ. Мұны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да нақты атап өтті. ҚМДБ-ның ұстанымы бойынша елімізде зайырлы сипаттағы жалпы орта білім алудың міндеттілігіне байланысты аталған талапқа азаматтардың түсіністікпен және сабырмен қарауы керектігі айтылған.
Расында, бұл мәселеге сыңаржақ көзқарас ұстанудың қажеті жоқ. Еліміздің әрбір азаматы діни сенім бостандығына барынша құрметпен қарайтын мемлекет талаптарына түсіністікпен қарауы тиіс.
Бұл талап мектеп қабырғасындағы оқушылардың тәрбиесіне, киіміне ерекше мән беру қажеттілігінен туындап отыр. Парасатты ұрпақ білім мен рухани тәрбиенің тоғысуынан туындайтындығынан ескерер болсақ, мектеп қабырғасындағы қыздарымыз үшін ортақ киім формаларын қалыптастыру ұлт болашағы үшін қажет.
Еліміздің саналы азаматтары осындай қайшылықты мәселелерді желеу еткісі келетін кейбір мүдделі топтардың өздерін арандатуына жол бермеуі керек. Қазақ халқында «Мұсылмандық әсте–әсте» деген қағида бар. Сондықтан руханияттың дамуында асығыстық пен күйгелектік танытпай, ортақ түсіністікке келу еліміздің тұрақтылығы үшін ауадай қажет деп білеміз.
Мен өз тарапымнан әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы отбасылар мен әртүрлі көзқарастағы ортадан шыққан мектеп балаларына ортақ үлгідегі киім кию талабына қоюды құптарлық іс деп есептеймін.

Ершат ОҢҒАРОВ, философия және мәдени антропология ғылымдарының Ph.D докторы, исламтанушы:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты шығарған бұйрығынан кейін қоғамда әртүрлі пікірлер айтылуда. Бұл мәселе жөнінде еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген азаматтар ҚМДБ-на хабарласып, өз алаңдаушылықтарын білдіріп, сұрақтарын жаудырып жатыр. ҚМДБ осы жағдайларды ескере келе, мынадай мәселелерге басымдық бере отырып, өз ұстанымын жариялады.
Біріншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді.
Біз діндар азаматтарды оқу орындарының мектеп оқушыларының киім үлгісіне қатысты қойылатын талаптарына түсіністікпен және сабырлықпен қарауға шақырамыз, өйткені бұл қадам орта мектептердегі киім үлгісін бірізділікке түсіру мақсатында қабылданған шешім болып табылады.
Екіншіден, жалпы орта мектеп оқушыларына қатысты ортақ киім формасы туралы жаңадан шығарылған бұйрықты бұра түсіндіріп, қолдан дау жасап, елді дүрліктірудің қажеті жоқ. Елімізде берік орныққан тұрақтылық пен тыныштыққа қызғанышпен қарайтын белгісіз топтар осы бір сәтті пайдаланып, ақпараттық құралдар мен түрлі әлеуметтік желілер арқылы ел арасына бүлік салуға тырысуда. Сондықтан, әрбір іске сабырмен, байыппен қарау керек.
Үшіншіден, ҚМДБ заң бойынша діни бірлестік болып есептеледі. Ал діни бірлестіктер мемлекеттік мекемелердің саясатына араласа алмайды. Бұл – заң талабы. Діни басқарма қоғамнан бөлек өмір сүріп жатқан жоқ. Сондықтан мемлекеттің шығарған әрбір заңына дін қызметкерлері қашанда құрметпен қарайды.
Төртіншіден, ҚР Білім және ғылым министрлігі шығарған бұйрықта мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуларына болатындығы көрсетілген. Яғни қыздарының ұзын етек-жеңі бар, мектептің талаптарына сай киім киюін қалайтын ата-аналарға өз ұсыныстарын айтуларына мүмкіндік қарастырылған. Мен осы орайда жергілікті мектептерде киім үлгісін қабылдауда мұсылман жамағатының да тілегі ескерусіз қалмайды деп сенемін.
Алла Тағала баршамызды өзінің разылығына жететін, сүйікті құлдарынан болуды нәсіп етсін! Әмин!

Қалалар мен аудандар әкімдеріне

Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтарда бекіткен «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына қатысты тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстың пәрменділігін күшейту үшін, Елбасы Н. Назарбаевтың, танымал дінтанушы және теолог мамандардың осы мәселе бойынша пікірлерін жергілікті БАҚ беттерінде, өңірлік дін істері басқармаларының, дін мәселелерін зерделеу орталықтарының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жариялау үшін жолдайды.
Жарияланымдар туралы ақпаратты (сілтемелер, скриншоттар, газеттердің сканнерлерін) 25 сәуірге дейін жолдауларыңызды сұраймыз.
Қосымша: 13 парақта

Басқарма басшысы  М. Мұхамеджанов

«…Біз - мұсылманбыз. Бірақисламдатүрліағымдар бар. Жәнесендер – «жасотандықтар» осы ағымдарғакіргенжастардыжаманнәрселердентежеугетиіссіңдер. Олардытәрбиелеулеріңкерек. Бізөзіміздімұсылманбыздегендехалықты орта ғасырғақарайтартпауымызкерек. Бізгеәрадамныңпікірі маңызды. Бірақбіздіңқыздарымыз бен әйелдеркиіпжүрген араб киіміхиджаббіздіңжолемес. Қазақкөшпендіхалықболған, біздіңертеденкележатқанөзжолымыз бар».

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан»
жастар қанатының 2-съезіндегі сөзінен.
Астана, 16 қараша 2012 жыл.

*****

«...Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз, тарихты оқып-үйрену, әсіресе оған жастарды тарту — аса маңызды. Бірақ мен пәренжі кигенге қарсымын. Әсіресе, хиджаб пен пәренжені студенттер мен оқып жүрген жастардың киіп жүргеніне қарсымын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған. Әрине, біз мұсылман дінінің барлық өкілдеріне құрметпен қараймыз, бірақ біздің өз жолымыз бар, өз ұлттық салт-дәстүрлеріміз бар».

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың зиялы қауым өкілдерімен кездесуіндегі сөзінен.
Түркістан, 11 наурыз 2011 жыл.

*****

«…Я всегда был против платков и паранджи. Наши женщины никогда не носили их и не прятали лица».
«…Я категорически против паранджи, особенно когда паранджу или хиджаб носят студентки или учащаяся молодежь. У нас никогда такого не было в истории, наша религия не имела такой традиции. Нужно уметь отличать истинную религию от навязанной нам»

Из выступления Президента Республики Казахстан
Н.А. Назарбаева на встрече с представителями творческой интеллигенции
Туркестан, 11 марта 2011года

*****

«… казахи были кочевым народом, что они должны помнить свою культуру, быть верными суннитской ветви Ислама, не должны одевать казахских женщин в хиджаб, не должны носить арабскую одежду»

Из выступления Президента Республики Казахстан
Н.А. Назарбаева на II втором Съезде молодежного крыла «ЖасОтан» в г.Астане
16 ноября 2016 года

*****

«…Носить арабские хиджабы и отправлять девушек и женщин в средние века - не наш путь... Мы не будем свой народ тянуть назад… да наша религия мусульманство, мы поддерживаем мусульман и будем поддерживать в дальнейшем. Но в мусульманстве есть разные течения и направления. Вы, жасотановцы, не должны попасть под влияние псевдотечений»

Из выступления Президента Республики Казахстан
Н.А. Назарбаева на II втором Съезде молодежного крыла «ЖасОтан» в г.Астане
16 ноября 2016 года

*****

«…Мы сунниты, у нас есть свой путь. Носить арабские хиджабы и отправлять девушек и женщин в средние века - не наш путь. Наши матери, пожилые люди сами знают, какую одежду, какой убор носить. Пусть сами решают. Но молодежь, которая учится, сами этого (ношения хиджабов) не будут делать, если им не поручат».

Из выступления Президента Республики Казахстан
Н.А. Назарбаева на II втором Съезде молодежного крыла «ЖасОтан» в г.Астане
16 ноября 2016 года

*****

«…Конечно, мы мусульмане, в том числе сунниты. Это выбранный предками путь, основанный на уважении национальных традиций, уважении родителей, уважении старших. Наши предки никогда не покрывали лицо девушки. Поэтому и современное поколение, чтя исламские каноны, должно с уважением относиться к своим родным традициям».
«…Если прислушаться к ним, мы мало того, что должны заставить своих сестер и дочерей прятать свои лица, но перестанем садиться с ними за один дастархан. Они не могут водить машину, не могут свободно передвигаться, обучаться. Тогда как мы будем их воспитывать? Мы видим, каковы последствия такой политики. Мы должны держаться подальше от таких чуждых нашему менталитету проявлений. Я веду молодежь к XXI веку, к XX веку, а эти проблемы будут тянуть их в средневековье».

Из выступления на торжественном собрании ко
Дню Независимости республикиКазахстан
в театре оперы и балета «Астана Опера».
14 декабря 2012года

Т.Әбуов
Дін істері комитетінің
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу
және талдау орталығының бөлім басшысы

Діни білім беру жүйесі жаңаша бағыт алды

Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми дамуды қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық болып табылады. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, білімін дамыту. Өйткені қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де білікті, иманды да парасатты, іскер де, белсенді адамдар.
Ал діни білім беру деген  – мемлекеттік оқу орындарындағы дін туралы білім немесе дін қызметкерлерін дайындауға бағытталған ілімді білдіреді. Әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттерінде діни білім беру оқу орындарында бұрыннан жүйелі жүргізіліп келеді. Өйткені, қай уақытта болмасын діни білімге халықтың сұранысы болған.
Осы мақсатта «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдаманың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті дін мамандарын даярлау. Даярланған дін мамандары халыққа ислам дінінің негіздерін, дін атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар мен ұйымдардың діни идеологиясын ислам дінінің ханафи мазхабынан ажыратып бере алатын, бүгінгі діни ахуал жағдайында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және жастар арасында экстремистік және лаңкестік идеялардың алдын алу мақсатында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жоғары, сауатты деңгейде жүргізетін болады.
ҚМДБ қарасты мешіттер ендігі кезекте діни сауат ашу курстарында тек құран кәрім әліппесі, ғибадат, ақида секілді пәндермен шектелмей  қазақи салт-дәстүрмен біте-қайнасып, ұлттық санаға сіңіскен этикалық құндылықтарға негізделген ислами ұстанымдардың ерекшеліктерін көрсетіп, жан-жақты түсіндіріп оқыту уақыттың талабы екені ақиқат. Әрине, мұндай жұмыстар діни сауат ашу курсының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Өз кезегінде, қабылданған тарихи тұжырымдама жастардың діни сауатын ашуға деген қызығушылықтарының артуына қызмет етері сөзсіз.  
Бір данышпан: «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді»-депті.  Сондықтан бүгінгі заманның талабына сай әрекет етуге деген уақыттың сұрасынан туындаған тұжырымдама. Тұжырымдама бойынша қолға алынған діни білім алу  жұмыстары қоғамды көркейтуге, иманды, рухани өресі биік жастарды тәрбелеуге қызмет етері даусыз. Бір сөзбен айтқанда тұжырымдамада діни білім беру қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер көрініс тапқан.

Отандық медреселер - замана талабы тоғысында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ағымдағы жылғы 24-қарашада елімізде 2020 жылға дейінгі кезеңде діни білім беруді дамыту тұжырымдамасының қабылдануы қоғамның рухани өміріндегі елеулі оқиға. Еліміз өз тәуелсіздігін алғанан кейін қолға алынып, іске асырылған қоғамымыздың барлық саласын қамтыған ауқымды өзгерістер діни-рухани саланы да қамтыды. Бұған бүгінгі күнде ел мұсылмандарының басын қосып отырған Діни басқарманың барлық мешіттерді өз қарамағына алып, қоғамымыздың рухани тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мақсатында жүргізіп отырған белсенді жұмыстары дәлел бола алады. Сондықтан діни білім беру жүйесін бірізді арнаға қою мақсатын көздеген Тұжырымдаманың қабылдануы қоғамымыздың рухани  кемелдену жолында қол жеткізген үлкен белесі болып табылады.
Тұжырымдамада діни білім алуды қалаушылардың сапалы білім алуы үшін лайықты жағдай орнатуға баса көңіл бөлініп, мешіт имамдарының кадрлық әлеуетін көтерудің маңызы мен қажеттілігі жоғары деңгейде және жүйелі негізде өзектендірілген.
Тұжырымдамаға сәйкес діни білім беру жүйесінде елеулі жаңалықтар енгізу көзделіп отыр. Аталған құжатқа сәйкес діни білім алу жүйесі колледждік білім жүйесі тәртібіне көшіріледі. Демек, медреседе оқу мерзімі тиісінше 9-сынып түлектері үшін 3 жыл 10 айды, ал 11-сынып түлектері үшін 2 жыл 10 айды құрайды.
Сонымен қатар, арнаулы орта діни білім берумен айналысып отырған медреселердің оқу бағдарламасына теологиялық пәндермен қатар заманауи талаптарды ескеретін зайырлы пәндердің көптеп қосылуы медресе түлектерінің кең көзқарастағы әмбебап маман болып шығуына мүмкіндік береді деп толық сеніммен айтуға болады. Бұл мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алған медресе түлектеріне ҚМДБ жүйесімен қатар мемлекеттік мекемелер мен ғылыми-зерттеу және талдау салаларында қызмет атқаруларына үлкен жол ашылады деген сөз.
ҚМДБ тарапынан діни білім беру тұжырымдамасының қабылдануы дер кезінде қолға алынған және жан-жақты қолдауға тұрарлық құжат.

Е. Мұхамеджан
Үржар ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Теріс діни идеялардың қаупі және жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу туралы жиындар өтті

2015 оқу жылының жас түлектерінің теріс діни идеялар қаупін және өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу бойынша аудан орталығындағы Б.Момышұлы және Абай атындағы орта мектептерінде білім, денешынықтыру және спорт және ішкі саясат бөлімдерінің ұйымдастыруымен кездесулер өтті. Әлемде және елімізде ислам дінінің атын жамылып, жастарымыз әртүрлі салт-дәстүрімізге жат ағымдар мен мақсаты белгісіз ұйымдардың жетегінде кетіп бара жатқандығы қоғамға қауіп тудырады. Мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, ішкі тұрақтылығына нұқсан келтіріп, жастардың сана-сезіміне теріс әсер етіп, ұлтымызға тән болмысымыздан алыстатып барады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында өткізілген шараға ауданның бас имамы Н.Итчанов, білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері, ішкі саясат бөлімі мен жастар орталығының өкілдері, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында жастарға діни ағымдар мен діни бірлестіктердің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы кеңінен айтылып, халықтың, соның ішінде жастарға аталған ұйымдардан қалай сақтану керектігі, исламның негізгі қағидалары, терроризм және діни экстремизмнің көрінісі бойынша және жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу туралы ақпарат берілді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Ролики по вопросам противодействия религиозному экстремизму и терроризму

  1. Ролик 30 сек каз-https://yadi.sk/i/DxiApKsxeJskW
  2. Ролик 30 сек русс  - https://yadi.sk/i/HxPZhfDfeJsLk
  3. Ролик 43 сек каз -https://yadi.sk/i/dojBoATIeJsNY
  4. Ролик 43 сек русс -https://yadi.sk/i/e3lpElvqeJsP7
  5. Ролик 1 - https://yadi.sk/i/-Vi5BchleJsaz
  6. Ролик 2 - https://yadi.sk/i/EpknTYf8eJsbq
  7. Ролик 3 - https://yadi.sk/i/dptPH9R5eJshM
  8. Ролик 4 - https://yadi.sk/i/dptPH9R5eJshM

Парақтар өзгертілді: 31-08-2016