Билік құрылымы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Домбаланов Женис Усенович

Үржар ауданының ТЖБ бастығы - Женіс Үсенұлы Домбаланов

Қабылдау күндері: әр айдың 1, 3 дүйсенбісі сағат 9:00-де -18:00-ге дейін

Мекен жайы: Үржар ауылы, Ә.Молдағұлова к-сі №10
Телефон: 8 (72230) 3-20-01
Телефонфакс: 8 (72230) 3-20-01
e-mail: h60@gpsvko.kz

Бөлімнің негізгі міңдеттер

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Президенттің, Үкіметтің актілерін, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі мен Департамент бастығының бұйрықтарын, тағы да басқа нормативті актілерді басшылыққа алады. Бөлім қолданыстағы заңнамалармен бекітілген міндеттерге сәйкес төмендегідей жұмыстарды орындайды:

  • төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
  • өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
  • өрт қауіпсіздігімен, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу және жою,
  • Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылық жасау;
  • мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, ескерту шаралары бойынша құлақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • елді мекендердегі және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • авариялық-құтқару қызметтері мен меншік түріне қарамастан құрылған құрылымдардың жұмыстарын үйлестіреді;
  • өз құзыры шегінде төтенше жағдайларға әкелген аварияларды, апаттармен катастрофаларды тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • автоматтандырылған өрт сөндіру және анықтау құрылғыларын өндіріске енгізу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жұмыстарын тоқтату не тиым салу талап арыздарын жасап сотқа жіберуді ұйымдастыру;
  • өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерін жүргізу;
  • өз құзіреті шегінде өрт фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізу;
  • өрт қауіпсіздігі туралы норма мен ережелері талаптарына сәйкес құрылысы біткен кәсіпорындар, ғимарат, нысандар мен жеке құрылымдарды қабылдау бойынша жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
  • азаматтарға, мемлекеттік мекеме басшыларына өртің алдын алу шаралары, көрсетілген кемшіліктер бойынша ұйғарымдама беру;
  • ҚР заңына сәйкес жартылай немесе толықтай мекемені, жеке өндіріс, өндірістік участке, агрегаттар, электржүйелерінің, ғимаратардың жұмыстарында өрт қауіпсіздігі ережелері және құрылыс проектілері өрт қауіпсіздік ережелері бойынша сәйкес қаралуына, ғимараттардың өзгертілуі, кеңейтіліуіне қатысады.

     
  КТИ  

Парақтар өзгертілді: 23-02-2016