Билік құрылымы

Үржар аудандық қазынашылық басқармасы ММ

Үржар аудандық қазынашылық басқармасының басшысы - Байдарақов Кездікбай Андасұлы

Азаматтарды қабылдау күні: Сейсенбі-жұма сағ.9-00 ден-13-00 дейін.

Мекен-жайы: ШҚО,Үржар ауданы,Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 105
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, сағ.9-00 ден 18-30, түскі ас 13-00 сағ.14-30 дейін.
Байланыс телефоны: 8(72-230)2-16-33, 2-14-09
Сенім телефоны: 8(72-230)2-16-33
Электрондық пошта - жоқ

Функционалдық міндеттері:

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма жұмысының үйлестіруін және басқа да өкілетіктерін және бақылауды жүзеге асыру;
3.2. басқарма туралы Қағиданы, штаттық кестені әзірлеу және оларды Қазынашылық Департаментінің бастығына бекітуге ұсыну;
3.3 басқарма орынбасарының өкілеттігін және функционалдық міндеттерді анықтау;
3.4 басқарма орынбасарының, басқарма қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекіту;
3.5. өкілеттік шегіндегі тіркелген шарттардардың шартына сәйкес мемлекеттік мекемелердің 5 (бес)миллион сомасынан асатын төлемге берілген шоттарды бекітуге:
3.6. өкілеттік шектегі «Сұраныс Салулар/Есеп-1826» есептерді қалыптастыру;
3.7. басқарма қызметкерлерімен сақтау және сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қазынашылық министрлігінің біріктірілген ақпараттық жүйесіндегі пайдаланушыларды және олардың өкілеттіктерін жабу және ашу, құрсалау және құрсалаудан босату бойынша нұсқаулықтарды;
Қазақстан Республикасы қазынашылық комитетінің аумақтық құрылымдағы ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларды қамсыздандыру бойынша тәртіпті;
Өкілеттік шектегі «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бірлескен есептеу жүйесінің ақпараттық қорының және есептеу техникасының құралдарын пайдалану және төлқұжат беру Ережесінің және Нұсқаулықтарды бекіту туралы» 23.04.2008 жылдың 191 нөмірлі Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген Ережелер мен Нұсқаулықтарды
3.8. ҚБАЖ жүйесінің пайдаланушылардың өкілеттігіне рұқсатсыз кіруінен қорғау мақсатында апталық паролін ауыстыру. ҚБАЖ-дағы жұмысының үзіліс кезінде ҚБАЖ –дағы пайдаланушыны толық өшіруді жүргізу;
3.9. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қызметкерлерді міндетке тағайындау және міндеттен босатуға;
3.10. сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты бақылау және жүргізу;
3.11. еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
3.12. заңнамаға сәйкес демалыс беру және сапарға жіберу сұрақтарын шешу;
3.13. қазынашылық Департаментінің номенклатурасына жататын басқарма орынбасарына қызметтік мінездемені қазынашылық Департаментінің аттестациялық комиссиясының қарауына енгізу және дайындау;
3.14. жұмыс барысында айқындалған бұзушылықтар мен кемшіліктер, штаттан тыс жағдайлар және оларды жою бойынша ұсыныстар туралы дереу Департаменті бастығына баяндау, Департаментінің бастығы жоқ кезінде – оның міндетін атқарушы тұлғаға;
3.15. жұмысқа шыкпауының себебі туралы 30 минуттың ішінде Департамент бастығына хабарлау;
3.16. сыбайлас жемқорлықтың бұзушылықтарын айқындау бойынша жұмыс жүргізу, олардың қайта пайда болуы себебін жою және басқарма қызметкерлерімен жол бермеуіне.

Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:

  • республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуын қамтамасыз ету
  • аумақтық белгілеріне қарай ҚҚБШ және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету
  • қазынашылық біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-ҚБАЖ)түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын,жергілікті бюджеттердің міндеттемелері жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарын және оларға өзгерістер енгізу
  • ҚБАЖ жүйесіне мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарын ,мм тауарларды сатудан түсетін және өз билігінде қалатын ақшаның түсімдер мен шығыстар жоспарларын және оларға өзгерістер енгізу
  • Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің төлем шоттарын енгізу және бекіту
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттар негізінде ақша алушылардың анықтамалығын жүргізу
  • мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақша аударымдарын жүргізу
  • түсімдер сомасын бюджеттен қайтару жөніндегі салық және уәкілетті органдарының төлем құжаттарын орындау немесе оларды салық берешегін өтеу есебіне жатқызу
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын қалпына келтіру және көшіру
  • «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалардан және мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен қабылданып,бюджет есебіне алынған қолма-қол ақша жөнінде мәлімет құрастыру
  •  Жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы күнделікті,ай сайынғы ,тоқсан сайынғы және жылдық есептерді қалыптастыру
  • республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бағдарламалар,кіші бағдарламалар мен ерекшеліктер бөлінісінде жүргізілген кассалық шығыстар туралы есеп нысандарын,сондай-ақ шоттар бойынша операциялар жүргізілген жағдайда көшірмелерін беру
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жеке жоспарлары мен кассалық шығыстарының орындалуын,сондай-ақ ақылы қызметтер,демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша ҚҚБШ, ақшаны уақытша орналастыру,мақсатты қаржыландыру,шетел валютасындағы шоттарды және мемлекеттік мекемелердің ҚР бюджеттік заңнамасында қарастырылған өзге де шоттарын есепке алуды қамтамасыз ету
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма –қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

 

Парақтар өзгертілді: 19-05-2015