Билік құрылымы

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

Мазмұны

1. Миссиясы мен пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Үржар аудандық мәслихаты аппараты қызметінің Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
4. Үржар аудандық мәслихаты аппаратының функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
5. Нормативтік құқықтық актілер
6. Бюджеттік бағдарламалар

Миссиясы мен пайымдауы

Үржар аудандық мәслихаты аппаратының миссиясы - Үржар аудандық мәслихатының, оның органдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді тиімді шешу.
Пайымдауы - Үржар аудандық мәслихатының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, мыналардағы:

Аудандық мәслихаттың депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін көмек көрсету, яғни оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға көмек көрсету;
мәслихаттың сессиясы мен онда қаралатын сұрақтарды дайындауды ұйымдастыру, құжаттардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету,
бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттар жариялау арқылы сайлаушылардың мәслихат қызметі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
материалдық-техникалық, ақпараттық базаны жетілдіру;
аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
мәслихат депутаттарын оқытудағы жұмыстың тиімділігін жақсарту үшін заманға сай жұмыс тәсілдерін енгізу.

2.Ағымдағы жағдайды талдау

Қазіргі қоғам дамуы мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық саяси процесстер салаларындағы маңызды міндеттерді дайындау, қабылдау және орындау мониторингі процестеріне қатысуды күшейту жөнінде биліктің өкілетті органдары алдында кешенді міндеттер қояды.

Жыл сайын Үржар аудандық мәслихатының сессияларында атқарушы органдар және аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныстарына сәйкес мәслихаттың бір жылдық жоспары бекітіледі.
Аудандық мәслихат депутаттарының сайлау алды бағдарламаларына сәйкес депутаттық корпустың қызметінің басым бағыттары, салалардың 2010 жылға дейін даму жоспарлары жасалды. Мұнда оларды жүзеге асырудың шаралары, кезеңдері, мерзімдері анықталған. Басым бағыттар бойынша атқарушы органдар қаражаттандыру көзі мен жауаптыларды нақтылап, іс-шаралар жоспарын жасады. Аудандық мәслихат депутаттарының бағдарламаларының басым бағыттары Үржар ауданының Орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен сәйкестендерілген.

Жұмыс ауданның ары қарай дамуын қамтамасыз етуге және оның әр тұрғынының өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған.
Аудандық мәслихат ауданның әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының, жергілікті жерлерде Конституцияның, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді. Мәслихат тікелей өзі немесе тұрақты комиссиялар арқылы аудан көлемінде өз өкілеттігі шегінде мәслихаттың қабылдаған шешімдерінің аудан әкімі, лауазымды тұлғалар, кәсіпорындар тарапынан орындалуын бақылайды.

Жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару сапасын арттыру үшін басқару жүйесін жетілдіріп, мәслихатты және оның органдарын ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етудің сапасын арттырып, депуттатарға өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін көмек көрсету қажет. Басты мақсат - мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру.

Үржар аудандық мәслихатының аппараты өзіне жүктелген міндеттер негізінде заңнамаларда бекітілген тәртіп бойынша мәслихат сессияларын дайындап өткізудің ұйымдастыру - техникалық шараларын жүзеге асырады, мәслихат сессиясының жұмысына, тұрақты комиссиялардың отырысына қатысады және депутаттарға қаулы жобаларын, комиссия тұжырымдамаларын, мәслихат сессияларын сапалы дайындауға көмектеседі, сессия хаттамаларын рәсімдейді, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде Үржар аудандық мәслихатының нормалық сипаттағы шешімдерін әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуге дайындап өткізеді, мәслихат шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, мәслихаттың құзырына кіретін сұрақтар бойынша ведомстволық аумақтағы жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарына, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерге хаттар мен сұраныстар дайындайды, мәслихат шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындайды, олардың жариялануын бақылайды, іс-қағаздарын жүргізеді және келіп түскен хат - хабарларды саралайды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес ақпараттық алмасуды қамтамасыз етеді, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруын және депутаттардың оқуын үйлестіреді.
Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Заңнамаларда бекітілген тәртіпке сәйкес аппарат мемлекеттік органдардан және басқарушы лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрайды және алады, Республика заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Үржар аудандық мәслихаты аппаратының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері


рн
Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі Есепті кезең Жоспарлы кезең
2008 жыл (есеп) 2009 жыл
(жоспар)
2010 2011 2012 2013 2014
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 1 - cтратегиялық бағыт.
Аудандық мәслихат аппаратының қызметі
               
2 1.1- мақсат. Аппаратқа жүктелген міндеттерді тиімді орындауға қол жеткізу                
3 Нысаналы индикатор. Үржар аудандық мәслихаты қабылдаған шешімдердің тиімділігін арттыру                
4 1.1.1 - міндет. Аудандық мәслихаттың кідіріссіз жұмысын қамтамасыз ету                
5 Аудандық мәслихаттың өткізілетін сессияларының саны                                               4 4 4 4 4 4 4
6 1.1.2 - міндет. Аудандық мәслихаттың тиімді жұмысын қамтамасыз ету                
7 Кезектен тыс сессиялардың санын азайту.   2 3 0 0 0 0 0
8 1.1.3 - міндет. Аудандық мәслихат аппаратының қызметін қаржылай қамтамасыз ету                
9 Депутаттар санына байланысты аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің саны         5 5 5 5 5 5 5
10 1.1.4 - міндет. Аудандық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылатын құжаттарды сапалы дайындау                
11 Түзетуге қайтарылған шешімдер саны          0 0 0 0 0 0 0
12 1.1.5 - міндет. Қабылданған шешімдердің сапасын жақсарту                
13 Аудандық мәслихаттың әділет басқармасында тіркеуден өтпеген шешімдерінің саны                                    0 0 0 0 0 0 0 0
14 2 - стратегиялық бағыт.
Депутаттарға өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетуде аппарат жұмысының нәтижелілігін жақсарту
               
15 2.1 - мақсат. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру                
16 Нысаналы индикатор. Материалдық-техникалық және ақпараттық базаны жетілдіру                
17 2.1.1 – міндет. Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін арттыру                
18 Біліктілігін арттыру курстарында оқыған мамандардың саны   1 3 1 1 2 2 2
19 2.1.2 - міндет. Аудандық мәслихат депутаттарын өкілеттіктерін жүзеге асыруға оқыту                
20 Өткізілген семинарлардың саны                                    1 2 3 3 3 3 3
21 3 - стратегиялық бағыт.
Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерімен жұмысты жетілдіру
               
22 3.1 – мақсат.
Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдеріне уақытында жауап беру
               
23 Нысаналы индикатор.
Құжат айналымы жүйесін дамыту және жетілдіру
               
24 3.1.1 – міндет. Тұрғындарды және заңды тұлғаларды толғандыратын мәселелерді зерттеу мен шешуде жаңа жұмыс тәсілдерін енгізу, мәслихат аппаратының веб-сайтын жетілдіру                
25 3.1.2 – міндет.
Қағаз тасымалдағышта өңделетін құжаттар үлесін 50 пайызға дейін азайту
               
26 Қағаз тасымалдағышта өңделетін құжаттар санын % азайту   100 90 70 50 50 50 50

 

4. Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал қатерлер

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби дайындығын арттыру, теориялық және тәжірибелік білімдерін жаңғырту, техникалық мүмкіндіктерді арттыру аппараттың және депутаттардың қызметін материалдық-техникалық, ақпараттық жарақтандыру, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Оқу жылына бекітілетін курстарды өткізудің жоспар-кестесіне сәйкес аудандық мәслихат аппаратының қызметшілері кәсіби деңгейлерін жоғарылатуды жалғастырады - үш жылда бір рет кемінде біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметке алғаш алынған немесе әкімшілік басқару лауазымына тағайындалғандар мемлекеттік басқару Академиясының Републикалық біліктілігін арттыру курстарында қайта даярлаудан, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты жанындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау Өңірлік орталығында біліктілігін арттырудан өтеді.
Депутаттарға арнап оқыту семинарларын өткізу жұмысы жалғасады.

Мәслихат аппаратының веб-сайтын жетілдіру, оны өзекті мәселелермен жаңарту жөніндегі жүйелі жұмыс жалғасады.

Ықтимал қатерлер. Аудандық мәслихаттың аппараты өз қызметінде қаржылық қатермен бетпе-бет келуі мүмкін. Республикалық, жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттар көлемінің қысқартылуына байланысты сайлау алды бағдарламалардың бірқатар шаралары кейінгі жылдарға шегеріледі. Компьютерлік техниканың істен шығуы аппаратты ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді сапасыз атқаруға әкеліп соғады.
Аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру басты мақсат болуы қажет.                                                                                                                                                                                                                                       

5. Нормативтік құқықтық актілер.

Стртегиялық жоспарды жасауда басшылыққа алынған бағдарламалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
6) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
7) «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №17/222-IV шешімі, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі 2521.

6. Бюджеттік бағдарламалар

Мәслихат сайланбалы орган болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Көрсеткіштер

Көрсеткіштің атауы  

Есепті кезең
Жоспарлы кезең
Сан көрсеткіші Аппаратқа жүктелген міндеттерді атқару үшін штаттық бірлік саны   2008 жыл
(есеп)
2009 год 
(план)2009
2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8
Сапа көрсеткіштері Х адам 7 7 7 8 8
Нәтиже көрсеткіші Жыл ішінде жоспарланған шараларды, алға қойылған міндеттерді уақытында орындау % 100 100 100 100 100
001 «Аудандық мәслихатының аппаратының жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»  Мың
т теңге
10244 12251 12258 13762 14135

Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы М.Бітімбаев

 

Парақтар өзгертілді: 19-05-2015