Билік құрылымы

Үржар аудандық мәслихатының хатшысы

Қарашев Каленбек Бақтығазыұлы Үржар аудандық мәслихатының хатшысы - Қарашев Каленбек Бақтығазыұлы

1960 жылы 1 қаңтарда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, Ново-Покровка совхоз- техникумын 1980 жылы, Алматы зооветеринар институтын 1990 жылы бітірген. Мамандығы- ветеринар.
2011 жылы « Құрмет» орденімен  марапатталған.
06.1975 - 09.1975 - «Юбилейный  шаруашылық ұжымы» ,малшы
03.1980-05.1982 - Әскер  қызметі  қатарында болған.
12.1982-07.1986 -  «Юбилейный  шаруашылық ұжымы », мал дәрігері.
07.1986-12.1990 -  «Юбилейный шаруашылық ұжымы», сүт -тауар фермасының меңгерушісі.
01.1991 - 02.1996 - «Юбилейный шаруашылық ұжымы»,  бригадир.
02.1996 - 09.2012 - «Юбилейный» ЖСШ - ның директоры.
09.2012 - 09.2012 - Көлденен  ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.
12.2012-01.2013 -   Көлденен  ауылдық округінің әкімі.
01.2013-04.2013 - Үржар ауданы ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы.
04.2013-04.2015 - Үржар ауданы ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы.
04.2015 - 03.2016 - Үржар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.
28.03.2016 г - VI шақырылған  Үржар аудандық мәслихатының хатшысы.
Үйленген . Үш баласы бар.

Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:

  1. Жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясаты іске асыру;
  2. Мәслихатты және оның органдарын ұйымдастыру, құқықтық, материалдық – техникалық және басқа да қамтамасыз етуді іске асыру;
  3. Депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
  4. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтардың құқығын және заңды мүддесін қамтамасыз ету бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыр;
  5. Сессиясын дайындап, оны жүргізудің ұйымдастыру-техникалық шараларын жүзеге асыру;
  6. Пленарлық мәжілістерге, тұрақта комиссия мәжілістеріне қатысуды және шешім жобаларын, комиссия қорытындылары мен мәслихат шешімдерін сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсетуді;
  7. Мәслихаттың Регламентіне сәйкес сессиялардың хаттамаларын, шешімдер жиынтығын рәсімдеуді;
  8. «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мәслихаттың нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдерін Үржар аудандық әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеп, ұсынуды;
  9. Мәслихат шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға дайындауды, олардың жариялануына бақылау жасауды;
  10. Іс қағаздарын жүргізуді және мәслихатқа келіп түскен хат-хабар алмасуды өңдеуді, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз етуді;
  11. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды үйлестіруді;
  12. Мемлекеттік орындардан және басқарушы лауазымды тұлғалардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті ақпараттарды сұрау және алу.
  13. Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес басқа да құқықтарын жүзеге асырады.

Қабылдау уақыты: сәрсенбi, сағ. 14:00-ден 16:00-ге дейін, бейсенбi сағ. 10:00-ден 12:00-ге дейін
Телефон:8 (722 30) 3-52-85
Факс:8 (722 30) 3-44-49
Электрондық поштасы: maslihat_urzhar@mail.ru
Мекен-жайы:ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, №122

Парақтар өзгертілді: 01-04-2016