Жергілікті атқарушы органдар

"Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жакипов Санат Берікболұлы Үржар ауданының ветеринария бөлімінің басшысы-Жакипов Санат Берікболұлы

Жақыпов Санат Берікболұлы 1976 жылдың 09 мамырында  Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген.
Бiлiмi жоғары. 1999 жылы «Семей» мемлекеттік университетін ветеринария
мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000жылы Егінсу ауылдық округінің мемлекеттік мал дәрігер инспекторы болып бастаған. 2002-2004 жылдары Үржар аудандық ветеринариялық зертхананың лаборанты, 04.2004-10.2004ж Мақаншы ауылдық ветеринариялық зертханасының мал дәрігері, 2004-2005ж Үржар аудандық ветеринариялық зертхананың диагностика бөлімінің лаборанты, 2005-.2006 ж Үржар аудандық ветеринариялық зертхананың диагностика бөлімінің мал дәрігері, 2006-2010ж Үржар аудандық ветеринариялық зертхананың меңгерушісі, 04.2010-06.2010ж Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы, 2010-2015ж Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2015 жылдың қараша айынан бастап Үржар ауданының «ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды үйымдастырады;
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырады;
Үржар ауданының шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда ошақты зарттеп-қарауды жүргізеді;
Үржар ауданы аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады.

Қабылдау уақыты: сәрсенбі, бейсенбі  9-00 ден 18-00 ге дейін

Телефоны: 8 (722 30) 3-55-18
Факс: 8 (722 30) 3-55-18
Электрондық поштасы: s.zhakipov@akimvko.gov.kz
Бөлiм мамандары: 8 (722 30) 3-47-40, 3-55-19
Мекен-жай: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы 141

Парақтар өзгертілді: 24-10-2017