Жергілікті атқарушы органдар

"Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Жүнісова Сәуле ОрынбайқызыҮржар аудандық білім бөлімінің басшысы - Жүнісова Сәуле Орынбайқызы.
Жүнісова Сәуле Орынбайқызы  1961 жылы 03 қыркүйекте Аягөз қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Өскемен педагогикалық институтын биология мұғалімі мамандығы бойынша  аяқтады. Еңбек жолын Таскескен орта мектебінен 1986 жылдан тәрбиеш болып бастады, 1986 -1989 жылдары аралығында  биология пәнінің мұғалімі, 1989-1995 жылдары  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1995 жылы Таскескен ауылындағы Ақтанберді атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалды. 2005-2008 жылдары  Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы болды.  2008 -2015 жылдары  Үржар ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2015 жылдың наурыз айынан Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы болып қызмет атақарды.

Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:
Аудан бойынша кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта  білім, қосымша білім беруді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Кәмелеттік жасқа толмаған, оның ішінде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық және қорғаншық тағайындауды жүзеге асыру
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру
Білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, олардың пайдаланылуына бақылау жасау
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық  қамтамасыз етілуін жүзеге асыру

Қабылдау уақыты: сәрсенбi, бейсенбi, сағ. 14-00-ден бастап 18-30 дейін

Телефоны: 8 (722 30) 3-52-82
Факс: 8 (722 30) 3-41-13
Бөлiм мамандары: 8 (722 30) 3-52-97, 3-37-32, 3-54-18
Электрондық пошта:s.zhunusova@akimvko.gov.kz

Білім бөлімінде ресми сайт http://urzhar.bilimbolimi.kz жұмыс істеуде
Мекен-жай: ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Жамбыл көшесі 19

Парақтар өзгертілді: 26-08-2019