Жергілікті атқарушы органдар

Шығыс Қазақстан облысы «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Андасова Жанат ЗаманбекқызыАндасова Жанат Заманбекқызы - Шығыс Қазақстан облысы «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Андасова Жанат Заманбекқызы 1969 жылдың 17 қыркүйегінде ШҚО Үржар ауданы 1 Май ауылында дүниеге келген. Ұлты- қазақ. Білімі- жоғары.Үржар ауданы Бестерек ауылында мектеп бітірген.
1984- 1988 ж.ж. Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің «Сольфеджио, музыка әдебиеті және жалпы фортепиано» пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
2002- 2007 ж.ж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Е.Рахмадиев атындағы балалар музыка мектебінің 1 Май ауылындағы филиалында бастаған.
1989- 1992 ж.ж. Семей қаласындағы №29, №89 балабақшаларда музыка жетекшісі;
1992- 1996 ж.ж. ШҚО Үржар ауылындағы «Ер Төстік» балабақшасында музыка жетекшісі;
1996- 2003 ж.ж. Үржар ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектептің музыка пәні мұғалімі;
1997- 2012 ж.ж. Үржар аудандық Е.Рахмадиев атындағы балалар музыка мектебінің ұстазы;
1999- 2005 ж.ж. Үржар аудандық мәдениет үйінің әртісі;
2005- 2008 ж.ж. Үржар аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі;
2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. 
2012- 2013 ж.ж. Астана қаласы Білім басқармасының «М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы» МКҚК- ның режиссеры және көркемдік жетекшісі;
2013 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін «Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ- сі бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Бөлім басшысының функционалдық міндеттері

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің облыстық және аудандық әкімдіктерінің қаулыларының орындалуын толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты; Бөлім жұмысын басқарады, жұмысын үлестіреді; Мамандарды жұмысқа қабылдайды және босатады, оларды тәртіптік    жауапкершілікке тартады; Еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз етеді;  Әкімдік отырыстарына, аппарат мәжілістеріне сұрақтар дайындайды; Мәдениет және тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік саясатын дамыту орындалуын ұйымдастырады;

Мәдениеттің мемлекеттік бірыңғай дамуын, аудан көлемінде мәдени іс- шаралардың жоспарын, оның орындалуын қамтамасыз етеді; Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырады; Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасайды; Аудан тұрғындарының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдайды; Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайтады; Аудан көлемінде кітапхана ісін дамытады; Дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз етеді; Өз саласы бойынша ауылдық округ әкімдерімен жұмысты үйлестіреді; Өзіне Заңдарда белгіленген шектеулерді қабылдайды;

Мекен-жайы: 071700, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 128
Қабылдау уақыты: Дүйсенбі, жұма 9-00 ден 18.30 ге дейін
Байланыс телефоны: (8-72-230) 3-52-83
Факс: (8-72-230) 3-43-32
E-mail: zh.andasova@akimvko.gov.kz
Сенім телефоны: (8-72-230) 3-36-37

 

Парақтар өзгертілді: 06-12-2017