Жергілікті атқарушы органдар

«ШҚО Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы -  Дуйсенова Лайла Турсынхановна.       

Дуйсенова Лайла Турсынхановна  -  Шығыс-Қазақстан  облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында  16.02.1967 жылы дүниеге келген. Семей қаржы-экономикалық техникумын 1986 ж. қаржы-экономист мамандығы бойынша, Орта-Азия университетін 2004 ж .экономист мамандығы бойынша аяқтаған
Өзінің еңбек жолын 1986 жылы  бастады.
1986-1987ж.ж. Өскемен қаласындағы мемлекеттік сақтандыру басқармасының тексеру бөлімінің тексерушісі.
1987-1996 ж.ж. Тарбағатай аудандық мемлекеттік сақтандыру бөлімінің бастығының орынбасары.
1996-1999 ж.ж. Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің әлеуметтік сақтандыру қорының бас маманы.
2000-2005 ж.ж Тарбағатай аудандық салық комитетінің бас маманы.
2005-2007 ж.ж. Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту бөлімшесінің  басшысы.
2007-2012 ж.ж. Катон-Қарағай аудандық қазынашылық бөлімінің тексеру тобының жетекші маманы.
2012-2018 ж.ж. Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2018 жылдың  05 науырызынан бастап Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал атілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

1. Мекеменің негізгі функциялары мен бағыттары:
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Үржар ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
2.  Бөлімнің функциялары:
1)жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
2)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді;
3)Үржар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отырады;
4)бағдарламасын іске асыруда кешенді дамыту;
5)ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, үйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету;
6)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
7)мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
8)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кәмелетке толған азаматтарға қатысты функцияларды жүзеге асырады.

Бағынысты мекеме: «Үржар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

Мекеменің мекен жайы: Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 325 «б»
Телефондар: 872230-3-21-01, факс 872230-3-20-72.
Жұмыс уақыты:  9-00  дан 18-30 дейін, түскі үзіліс 13-14-30 дейін
Электрондық пошта: l.duisenova@akimvko.gov.kz
Азаматтарды қабылдау кестесі:
Сейсенбі: 14.30-18.30
Сәрсенбі:14.30-18.30
Бейсенбі:14.30-18.30

«ШҚО Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі

р/н А.Т.Ә. Лауазымы Жұмыс телефоны Электрондық пошта
1 Енина Л.Ф. Сектор меңгерушісі 8(72230) 3-20-92 l.enina @akimvko.gov.kz
2 Токбаланова Р.А Сектор меңгерушісі 8(72230) 3-24-07 r.tokbolanova@akimvko.gov.kz
3 Адильжанов С.С. Бас маман 8(72230) 3-26-12 s.adilzhanov@akimvko.gov.kz
4 Актанова М.Т Бас маман 8(72230) 5-63-12 m.aktanova@akimvko.gov.kz
5 Есенгулов М.А. Бас маман 8(72230) 3-26-12 m.esengulov@akimvko.gov.kz
6 Каленов Б.С. Бас маман 8(72230) 3-20-92 b.kalenov@akimvko.gov.kz
7 Коныратова С.Б. Бас маман 8(72230) 3-20 92 s.konyratova@akimvko.gov.kz
8 Медыбаева Д.А. Бас маман 8(72230) 3-24-07 d.medybaeva@akimvko.gov.kz
9 Нурбосынова А.К. Бас маман 8(72230) 3-20-75 a.nurbosynova@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 10-01-2019