Жергілікті атқарушы органдар

"Шығыс Қазақстан облысының "Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Бейсенов Елдос ЖабайыловичҮржар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы -  Бейсенов Елдос Жабайылович

Бейсенов Елдос Жабайылович  -  Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында 11.05.1976 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетін ағылшын тілінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.
Өзінің еңбек жолын 1998 жылы  бастады.
1998 - 2000 ж.ж. ШҚО, Үржар ауданы,Үржар ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
2000 – 2002 ж.ж. ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектеп директорының орынбасары;
2002 – 2006 ж.ж. ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп- лицейінің ағылшын пәні мұғалімі;
2006 – 2013 ж.ж. Үржар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2013 – 2014 ж.ж. Үржар ауданы әкімінің аппараты кеңсесінің басшысы;
2014 – 2015 ж.ж. Үржар аудандық білім бөлімінің әдіскері;
2015 – 2019 ж.ж. Үржар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2019 жылдың 10 шілдесінен бастап Үржар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады.

Бөлімнің негізгі функциялары мен бағыттары:

Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Страгегиясының негізгі басымдықтарын  және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауларын халыққа түсіндіру және  насихаттау.
Саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және діни конфессиялармен, сонымен қатар, өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара қарым-қатынасты нығайту.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және бұқаралық ақпарат құралдарына  мониторинг жүргізу.
Аймақтағы қоғамдық – саяси ахуалға болжам жасау үшін әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.
Аудандағы діни  ахуалға зерттеу жүргізеді.
Аудан аумағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналуын бақылайды.
Ауданда  мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Қабылдау уақыты: Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма 9-00 ден 13-00 ге дейін

Телефоны: 8 (722 30) 3-41-12
Факс: 8 (722 30) 3-41-13
Бөлiм мамандары: 8 (722 30) 3-41-13
Электрондық пошта:
Мекен-жай:ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы 122

Парақтар өзгертілді: 06-08-2019