Аудан жаңалықтары

«Жемқорлыққа  жол жоқ»

Мақаншы ауылдық округі бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарға үйден    қызмет көрсету бөлімшесі қызметкерлері арасында  «Жемқорлыққа жол жоқ»  атты    семинар өткізілді. Семинарда әлеуметтік қызмет кеңесшісі  Каламкас  Камзаева осы тақырып бойынша 3 бағытты:  ғылыми тұрғыда, заң аясында және діни көзқараста   баяндама, видеоролик түрінде толықтай ашып  қатысушыларға жеткізді. Әлеуметтік қызметкерлер арасында сұрақ-жауаптар,  пікірталастар өткізілді.