Аудан жаңалықтары

Көктемгі су-тасқынына халыктың және Азаматтық қорғау саласы бойынша ұйымдардың дайындығы !

Су тасқыны жылдың кез келген уақытында болуы мүмкін, алайда аса қауіпті кезең, көктем мезгілінде қардың күрт еруінен орын алады, салдарынан жұмыс істеп тұрған әлеуметтік нысандар, автокөлік жолдарын шайып кетуі, көпірлердің қирауы, кәсіпорындардың жұмысын тоқтату, егістік-алқаптарды шайып, жан-жануарлардың өлуіне әкелетін кері әсері, табиғи апатқа әкелуі мүмкін. Осы жағдайларды ескере отырып,Үржар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және № 17, 54 ӨСБ қызметкерлері, жергілікті атқарушы билікпен, еріктілермен бірлесіп, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, Үжар ауданы бойынша 3800 тұрғын үй араланып, 11300 адам қамтылып, өрт қауіпсіздігін сақтау және көктемгі су тасу қауіпті кезеңіне байланысты, су жүретін арықтарды, құбырларды тазалау іс-шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үй иелеріне жадынамалар таратылды. Жиырма жеті ауылдық округі әкімдеріне коктемгі су-тасу қауіпті кезеңіне байланысты атқарылатын іс-шаралар бойынша, мекен жайларына электрондық нұсқада ақпарат жолданды.         

Аталған жұмыстар жалғасуда.                     

Үржар АТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі   Б.Саянов.