Аудан жаңалықтары

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ-сі, 071700, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122, анықтама телефоны 8 (72230) 3-48-47, 3-31-63, электрондық пошта: a.kuanyshpaeva@akimvko.gov.kz «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына   жалпы конкурс жариялайды

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі, жетекші маманы (санаты «E-R-5»  - 1 бірлік: №01-12)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 104868 теңгеден 139582  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншік объектілердің мүлігін жалға беруді,  келісім – шарттар, есептер жасауды  жүзеге асырады. Аудандық бюджеттін кіріс бөлігіне жасалған келісім шарттарға сәйкес арендалық төлемдердің уақтылы тусуін қадағалайды. Ауданның мемлекеттік коммуналдық меншігі бойынша есепке алуды жүргізеді.  Иесіз қалған объектілерді анықтауды және Әділет басқармасына есепке алу жұмысын ұйымдастырады. Объектілерді коммуналдық меншікке бекіту, шығару, бір теңгерімнен екінші теңгерімге ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Коммуналдық меншік объектілерін жалға, сенімді басқаруға, өтеусіз пайдалануға беру шараларын ұйымдастырады. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сай жүргізілетін есептерге  мониторинг жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:   «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес білімі жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес» бөлімінің (экономика, қаржы, менеджмент, есеп  және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-сі, жетекші маманы /негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс мерзіміне 12.06.2020ж. дейін/ санаты «E-R-5»  - 1 бірлік: №1-10

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  84415 теңгеден  114853  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бекітілген  номенклатураға сәйкес  іс қағаздарды және кадр  жөніндегі  құжаттамаларды  «Е-Қызмет»  электрондық  бағдарламада  жүргізілуін  жүзеге асырады.  Азаматтардың өтініштерін, арыздарын,  шағымдарын «Айқын»    электрондық бағдарламасында  уақтылы      тіркелуін жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауды ұйымдастырады.«Е-Собес»  электорндық жүйеде жұмыстар жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес білімі жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Құқық» бөлімінің (құқықтану, халықаралық құқық,  құқық қорғау  қызметі) тобының мамандықтары; «Әлеуметтік  ғылымдар, экономика  және  бизнес» бөлімінің  (әлеуметтік, экономика, қаржы, есеп  және аудит); «Қызмет» бөлімінің (әлеуметтік қызмет) тобының мамандықтары бойынша рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру Үржар ауданы әкімінің және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде  құжаттар Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 122  мекен-жайы бойынша Үржар ауданы  әкімінің аппаратының  персоналды басқару қызметіне ұсынылуы қажет. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар  Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122 үй, «Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ—нің персоналды басқару қызметіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

 

 

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде  «Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Егер конкурсқа  қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда  комиссиясының  шешімі қабылданған  күннен бастап бес жұмыс күн ішінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурсҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының2017 жылғы 21 ақпандағы№ 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларынегізінде жүргізіледі.

Анықтама телефондары: 8 (72230)- 3-48 -47, 3-31-63