Аудан жаңалықтары

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ-сі

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ-сі, 071700, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122, анықтама телефоны 8 (72230) 3-48-47, 3-31-63, электрондық пошта: a.kuanyshpaeva@akimvko.gov.kz «Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына  осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі   конкурс жариялайды:

«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұта ауылдық округі» ММ-сі бас маманы (санаты «E-G-3»  - 1 бірлік, №1-3, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс мерзіміне 09.10.2022ж. дейін)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90874   теңгеден 122392 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Кіріс көздерін қалыптастырады. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстар жоспарын бекітуге  тиісті  құжаттарды  ұсынады. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлейді. Мемлекеттік сатып алу  рәсімдерін жүргізеді. Негізгі штаттағы мемлекеттік қызметшілердің, штаттан тыс жұмыскерлердің еңбеқасқысын есептеуді, салық және басқа да бюджеттік төлемдердің аударылуын  жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:   жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары  2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда «Үржар ауданы әкімінің аппараты»  ММ өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:  Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат: Егер конкурсқа  қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда  комиссиясының  шешімі қабылданған  күннен бастап бес жұмыс күн ішінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама телефондары : 8 (72230)- 3-48 -47, 3 -31- 63.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш нысан және қызметтік тізімі:

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

Мекен жайы және байланыс телефоны

(қолы )  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_________ 20 __ ж.