Аудан жаңалықтары

«Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының 28 қазандағы  2019 жылғы «Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңының аясында агроөнеркәсіп кешеніндегі заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өсімдік қорғау саласында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерiне де өзгерулер мен  толықтырулар енгізілді:1) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге және саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына жол бермеуге тиісті;
 Енді, жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарындағы аса қауіпті зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс шаралар жүргізуі қажет (14 -5 бап)

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңының  20-бабына«Өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көздерi» бойынша фитосанитарлық шараларды қаржыландыруда өзгерістер енгізілді.2020 жылдан бастап химиялық күрес жұмыстары республикалық бюджет есебінен тек қана үйірлі шегірткелерге (азиялық, марокко және итальяндық прус шегірткелері)  қарсы жүргізіледі.

Астықтың сұр көбелегі, гессен шыбыны, колорадо қоңызына және бидайдың ауруларына (тат пен септориоз) қарсы химиялық күрес шараларын ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өз есептерінен жүргізуге міндетті.

Осыған сәйкес қауіпті және аса қауіпті организмдерге фитосанитарлық іс–шаралар,азиялық,итальяндық прус және саяқ шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитарлық іс – шараларды қоспағанда, кәсіпкерлік субьектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады (20 баб,3 тармақ).

Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне де толықтырулар енгізілді: саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ  шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне кіреді (9 баб, 4-1 тармақша). Соған сәйкес, пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ  шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер   бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады (20 баб ,1 тармақ, 8 тармақшамен толықтырылды).
ҚР «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»заңына сәйкес, зияндылықтың экономикалық шегінен асатын саны бар қауіпті және аса қауіпті  организмдерге қарсы өңдеуге арналған пестицидтар мен биоагенттердің (энтомофагтардың) құны субсидияланатын болады. Субсидиялауды жүзеге асыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыретіне жатады.

Қауіпті және аса қауіпті зиянды организмдерге фитосанитарлық іс – шаралар жүргізу ауыл шаруашылық тауар өндірушілер міндеттеріне кіргізілгендіктен  ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 137 бабы 3 тармағы 10 тармақшасына  сәйкес өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарына құқықтық статистика органдарында тіркеусіз бақылау жүргізе алады.

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауға пестицидтердің тасымалдануы кірмейді, ал пестицидтерді сату бойынша бақылау жүргізіледі.

Мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау, өткізу және қолдану кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттері талаптарының сақталуына   бақылау жүргізеді.

Пестицидтердің сатылуына бақылау енгізілуіне байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңынның  707-бабына толықтырулар енгізілді.

Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377, 403, 415 (бірінші бөліктің 1) тармақшасы) (пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзу бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарастырылады.

Мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру үшін өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті кеңейтілді. ҚР «»Кәсіпкерлік Кодексінің 141 бабы 11 бөлімі, 3-1 бөлігіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік инспекторлардың фитосанитарлық бақылау обьектілеріне кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Зиянкестердің зиянды ошақтарын, пестицидтерді сату,сақтау, пайдалану  және әкелу фактілерін , мемлекеттік тіркеуден өткен - өтпегендігін анықтау үшін өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілі бір аумақ пен нысандарға зерттеуді, яғни белгілі бір нысандарға барып тексерістің бару жолымен профилактикалық бақылау жүргізе алады.