Аудан жаңалықтары

Үржар аудандық мәслихаты Үржар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан мүшелерінің орнына конкурс жариялайды

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Үржар ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 38-418/VI шешіміне сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан мүшелерінің орнына конкурс жарияланады. Олар қоғамдық кеңес өкілеттігінің қалған мерзіміне сайланады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

 «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Үржар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан адамдардың орнына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Үржар ауданының  шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

 1) сотталғандығы болмауы;

 2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі) және (немесе) азаматтың өтініші;

2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

Қоғамдық кеңестер құрамына сайлану үшін жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтін үміткерлер конкурсқа қатыстырылмайды.

Үржар ауданының мәслихаты ұсыныстарды жазбаша түрде 2020 жылдың 16 қаңтарына дейін (қоса алғанда): Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 122 үй, 201-кабинет мекен-жайы бойынша сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісі бар уақытта, қолма-қол немесе Zhe.syrkeev@akimvko.gov.kz  электрондық поштасы арқылы қабылдайды.