Аудан жаңалықтары

Бүгін Үржар ауданында аудандық мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы күні аталып өтілді. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Хамитов Дидар Дәулетханұлы жыл бойы өткізілген жәрмеңкенің белсенділерін, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының үздіктерін марапаттады.

Шара барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Дидар Дәулетханұлы мемлекет қолдауының нәтижесінде өңірдегі аграрлық саланың дамуына қысқаша тоқталып, баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Роза Жүнісова, ауылшаруашылық саласының ардагері Бейсен Мухамеджановтар жиналған көпшілікті мерейлі күнмен құттықтады.

Сол сияқты сүт қабылдау бекетіне 38 тонна сүт өткізген Роза Болатханова осы іске мұрындық болған тиісті сала өкілдеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, аудандық мәдениет үйінің кіші залында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.