Аудан жаңалықтары

Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі

Жылыту кезеңі ерекше жаупкершілікті талап етеді. Өрт- тілсіз жау, салдарынан адамдар барынын айырылады. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі сенбілігі барысында, Үржар аудандық ТЖБ, № 17,54-өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен және ЖПҚ-нің қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторларында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Рейдтік іс-шаралар барысында аудан тұрғындарымен өрт қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары бойынша жиындармен нұсқаулар өткізіліп, жадынамалар таратылды.

Аудандық ТЖБ-нің қызметкерлері тұрғындарға, тұрғын үйлердегі пештерге жөндеу жұмыстарымен тексерулер жүргізу жайында және қолдан жасалған электр жылытқыш құрылғыларын қолдану, қауіптілігі жайында түсіндірілді.

Жұмыстар жалғасуда

Үржар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.