Аудан жаңалықтары

Идеологиялық керуен Барлық-Арасан ауылында

Аудан әкімі С.Зайнулдинның тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 06 қараша күні аудандық тиісті бөлімдерінің өкілдерінен құрылған идеологиялық керуен жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Токаевтың 02 қыркүйектегі  «Сындарлы қоғамдық диалог: Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау және ауыл тұрғындарын бағасы төмен халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінің Барлық-Арасан ауылына идеологиялық керуен барды. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекет саясатының басым бағыттары насихатталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақаншы ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы ауыл тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынса, денешынықтыру және спорт бөлімі спорттық шаралар ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі