Аудан жаңалықтары

Идеологиялық керуен Қарабұйрат ауылында

Аудан әкімі С.Зайнулдинның тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 04 қараша күні аудандық тиісті бөлімдерінің өкілдерінен құрылған идеологиялық керуен жұмысын бастады. Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Токаевтың 02 қыркүйектегі  «Сындарлы қоғамдық диалог: Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттау және ауыл тұрғындарын бағасы төмен халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Салқынбел ауылдық округінің Қарабұйрат ауылына идеологиялық керуен барды. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекет саясатының басым бағыттары насихатталып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы ауыл тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынса, денешынықтыру және спорт бөлімі спорттық шаралар ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шалғай жатқан ауыл тұрғындары аудан әкіміне және идеологиялық керуен мүшелеріне алғыстарын айтып және осындай шаралар ауылда жиі өтіп тұрса деген ниеттерін білдірді.

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі