Аудан жаңалықтары

От жағу маусымында абай болыныздар!

Үржар ауданында жыл басынан 49 өрт тіркелген. Салдарынан 1 адам қаза болған.

Соның ішінде тұрғынүй секторларында тіркелген оқиға саны — 18.

Тұрғын үй секторларында адам өліміне әкеліп соқтыратын негізгі себептер пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі және электр қондырғыларын техникалық пайдадалану ережелерін ерен санамау, пештің үстіне, пештің құдығына кір жаю, мас күйінде төсекте жатып темекі шегу сияқты қам-қарекетсіздіктер болып отыр.

Осы себептерді басшылыққа ала отырып және улы газбен уланудан адамдардың қаза болу факторының алдын алу, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің тапсырмасын орындау мақсатында Үржар ауданының «Уақыт тыныс» баспасының қызметкерлерімен және Үржар ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үй секторында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Есте сақтаңыздар!

Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. Пештерді жөндеу және қалауды тек қана осы жұмысты атқаруға арнайы адамдарға немесе ұйымдарға сеніп тапсыруға болады. Пештер, түтін шығаратын мұржалар ағаш шатырларымен қиылысатын орындары кірпішпен жуандалып қалануы керек. Пеш қабырғаларының жуандығы туралы да ұмытпаған жөн. Айналып келгенде мұның бәрі баршамыздың амандығымыз үшін керек екенін Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді.

Үржар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.