Аудан жаңалықтары

Шағын көлемді кемелерден балық аулау және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы халыққа жадынама

Балық аулау белсенді демалудың керемет түрі болып табылады, бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда олар қауіпті болуы мүмкін.

Балық аулау кезінде, шағын көлемді кеменің  алдында ескектерінің барлығын, ескектегі орнатқышының бар екендігіне көз жеткізіп, құтқару шеңберінің барлығын қарау қажет шөмішті тексеру керек.

Қайыққа отырғызуды абайлап, төсеніштің ортасында тұрып, орындықтарға біркелкі отыру керек. Қайықтың бортында отырып бір орыннан екінші орынға ауысуға, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға, қайықты жшайқауға, шомылуға және одан сүңгуге жол берілмейді. Жеке құтқару құралдары (құтқару кеудешелері, белдіктері, кеудешелері) қайықтағы адамдарға киілуі тиіс.

Түнгі уақытта балық аулауға жол берілмейді.

Шағын өлшемді кемелерде балық аулау және аң аулау кезінде сақталуы қажет қарапайым ережелер:

Өзімен бірге дәрі қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан жері туралы хабардар болуы қажет;

Балық аулау алдында таңдалған жерді қарап шығыңыз;

Спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдалануға жол берілмейді;

Қайықтың жарамдылығын тексеру, оны құтқару кеудешелерімен және шеңбермен, белдіктермен жабдықталуы қажет;

Қайығында шелек немесе суды соруға арналған басқа да ыдыстың болуы;

Үржар ауданының ТЖБ