Аудан жаңалықтары

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жақында «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың «Толқын-ай» мейрамханасында 50-ден аса асқар таудай ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға ақ дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді.

Шара барысында аудан әкімі Серік Зайнулдин қарттарды мерекелі де берекелі күнмен құттықтады. «Құрметті асқар таудай ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар сіздерді 1-қазан Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жалпы, аудан көлемінде 1078 зейнеткерлеріміз бар. Оларды жыл сайын арнайы кестеге сәйкес емдік-сауықтыру шипажайларына жіберіп, шипалы Алакөлдің жағасына апарып тұрамыз. Алдағы жылы 200-ден аса қарттарымызды шипажайға жіберу жоспарлануда. Сонымен бірге 1-ші қазаннан бастап аудан көлемінде қайырымдылық акциясы бастау алды. Аталмыш шараның мақсаты-әр санаттағы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету. Осы айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, мол қажыр-қайрат тілеймін»,-деді Серік Зинабекұлы.

Шара соңында әуезді әндер айтылып, ақсақалдарға құрмет көрсетілді.