Аудан жаңалықтары

Өрт қауіпсіздігі айлығы!

Өкінішке орай, көптеген жағдайларда жанудың пайда болу себебі, өзгеріссіз– сол адам факторы болып қалады. Өкінішке орай, өрттің көп шығу себебі өзіміздің кінәмізден болып жатады. Үйде ескі электр сымы ұшқындайтынына оны уақтылы ауыстырмағанына кім кінәлі? Ақаулары бар, газ және электр жабдықтары қолданып жатамыз. Пештің құдығын құбырларын құбыршыға уақытымен тазалатпаймыз, үйлерде тез тұтанатын сұйықтықтар сақталады және белсенді пайдаланылады.

Осы кемшіліктерді болдырмау мақсатында "Өрт қауіпсіздігі айлығы" аясында Үржар ауданының ТЖБ, және 60,15-ӨСБ қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларын, аз қамтылған азаматтарды (зейнеткерлер мен мүгедектер) баспаналары аралануда. Анықталған өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерінің бұзушылықтары бойынша тұрғындармен осы бұзушылықтарды жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар, ескерту қағаздары таратылуда.

Өткен демалыс күндері азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 63 рейд өткізді, оның барысында 1189 адамға нұсқау берілді, 1189 үгітнасихат материалдары таратылды.

Азаматтық қорғау органдарының өрттердің алдын алу бойынша қабылдаған іс-шараларына қарамастан, көптеген адамдар өздерін және жақындарын өртпен байланысты апаттардан қалай қорғау керектігін өз қолымызда екенін ұмытпайық.

1.     Үйден шығар кезде электр құралдарын желіден ажыратыңыз.

2.     Электр желісін артық жүктемеңіз.

3.     Төсекте жатып шылым шекпеңізжәне жақындарыңа рұқсат бермеңіз.

4.     Балалардың отпен ойнауының жолын кесіңіз.

Үйді пешті қалай қауіпсіз жылытуға болады.

1.     Түтін моржаларымен пештерді ыстан тазалау.

2.     Сызатпен жарықтары бар құбырды пайдаланбау.

3.     Пеш алдына метал парағын орнату.

4.     Пеш үстіне киіммен отынды кептірмеу.

5.     Пешке сыймайтын отынды жақпау.

6.     Пешті қараусыз қалдырмау.

Газ баллонды пайдалану ережелері.

Газдың жарылуының негізгі себептері

1.     Ұзақ сақтағаннан кейін баллонды жылы жерге кіргізеді. Температураның күрт ауысуы. Баллоннның күн көзіне қызуы.

2.     Қайнаған су жанарғыға тиіп, отты сөндіреді, газ біртіндеп бөлмеге жайылады, қандайда бір ұшқын жарылысқа әкеп соғады.

3.     Ұзақ және дұрыс пайдаланбағаннан шланг тозады оданда бөлмеге жайылған газ қандайда бір ұшқын көзінен жарылысқа әкеп соғады.

Сақтану шаралары.

4.     Газды пештен 1,5 метрден кем емес арақашықтықта ұстау.

5.     Баллон түзу тұру керек.

6.     Кранымен реттегіш арасындағы төсенішті жаңа баллон орнатқан сайын ауыстыру қажет.

7.     Газ баллонды оттың және қосылып тұрған электр құралдарының жанында ауыстырмау.

Үржар ауданының ТЖБ