Аудан жаңалықтары

Жем шөпті сақтау әркімнің міндеті

Жем шөп жинау орындарындағы өрт елді мекендерде ең көп орын алады.

ШҚО жылда 500-ден астам осындай өрттер орын алады. Өрттен келген шығын 10000000- нан астам болады, мыңдаган тонна шөп жанып кетеді.

Есте сақтаныздар!!!! Жем шөп жинағанда ӨҚЕ сақтау, жинаған жем-шөбіңіздің шығынсыз сақталуына кепіл болады.

-Шөп жинауда жұмыс істеп жүрген техниканың ұшқын ұстағышы  бар  және  ақаусыз екеніне көз жеткізініз.

-Шөп тасымал кезінде рұқсат етілген мөлшерден асырмай тасу.

-Электр желісінің астына шөп жинауға қатаң тыйым салынады.

-Ғимараттар арасында өртке қарсы алшақтықты  қатаң сақтау.

-Шөпті жинағанда моржалардан 15 метрден  алшақ жинау.

-Өзініз шөп жиналған жерде ашық отты қолданғанда абай болуға, балаларға қатаң тыйым салыңыз.

-Жинаған шөбіңізге қасақана от қоюдан сақтау үшін, жаяу және көлік жолдарынан  ашық жинауға, бөгде адамдардың баруына жол бермеу қажет.

Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.