Аудан жаңалықтары

Табиғатты өрттен қорғайық !!!

12.08.2019 жылы сағат 15:00 минутта температуралық ауытқу мәліметтер бойынша   Аягөз ауданы , Мыңбұлақ ауылдық округі аумағында жоғары температуралық ауытқулары 20 га аумағында байқалды.

13.08.2019 жылы сағат 14:00 минутта Үржар ауылы 17-ӨСБ-не Салқынбел ауылдық округ әкімі Тоқмойлов Е. өртті барлау кезінде, өрт Үржар ауданы аумағына өтіп кеткенін растады. Бұл аймақ жоғары қорғауға алынған РММ «МҰТП  Тарбағатай» аумағы болып есептеледі.

Үржар ауданы әкімі бекіткен аудандық өрт сөндіру жоспары бойынша, күш пен құралдар дала өртін сөндіруге  60 адам, 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.   Өртті сөндіруге желдің бағыты қайта-қайта ауысуы кедергі болды, таулы аймақ, өрт сөндіру автокөлігі жетуге қиын аймақ, өртті сөндіру қолмен хлопушкалар және  РЛО арқылы  жүргізілді.

Мемлекеттік қызметкерлер яғни Үржар ауданы ТЖБ және 17-ӨСБ, РММ «МҰТП Тарбағатай» , Үржар ауданы әкімшілігі және Салқынбел ауылдық округі әкімшілігі қызметкерлерінің өртті сөндіруге белсенді қатысқаны үшін  ӨРТ,  Тарбағатай ұлттық қорығы аймағына өткен жоқ. Өртті толық 14.08.2019 жылы өшірілді. Өрттен зақымдалған және зардап шеккендер жоқ.