Аудан жаңалықтары

"Әбділда Тәжібаев - ақын, лирик"

Үржар аудандық орталық кітапханасында "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында үйірме оқушыларының қатысуымен Ә. Тәжібаевтың шығармашылығына орай "Әбділда Тәжібаев - ақын, лирик" атты әдеби сағат өткізілді. Шара барысында: кітапханашы  А.Жумадилова акция тарихы жайлы, ақынның шығармашылық мұрасы туралы әңгімеледі. Слайд-презентацияның көмегімен балалар ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Кеш барысында оқушылар А. Базарбаева мен А. Маликова,  Ә. Тәжібаевтың "Алтынай", "Уақыт", "Өзім туралы" және т.б өлеңдерін оқыды. Д. Шантаева плакатта көрсетілген суреттермен таныстырып, сөзжұмбақты оқыды. Сондай-ақ,  А. Садвакасова  Ә. Тәжібаевқа арналған кітап көрмесімен таныстырды. Кітапханашы Г.Кожағулова «Бір ел-бір кітап» акциясына қатысқан  үйірме оқырмандарына алғыс білдіре отырып, әрмен қарай кітап оқуға шақырды.

«Үржар аудандық орталық  Кітапханасы» КММ-нің  директоры Р.Базарбаева