Аудан жаңалықтары

Сабильянов Н.С Үржар ауданына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.С Сабильянов Үржар ауданына жұмыс сапарымен келіп қайтты. Арнайы кестеге сәйкес Нұртай Салихұлы Қарақол, Шолпан, Айтбай, Ақжар, Елтай, Бақты, Қабанбай ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының талап, тілек, арыз, өтініштерін таразылап, барлық сауалдарға заң аясында жауап берді.