Аудан жаңалықтары

Алакөлде республикалық ақындар айтысы өтті

Үржар ауданы әкімдігінің қолдауымен «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қоры әйгілі Алакөл жағалауында дүбірлі республикалық айтыс өткізді. «Ел айбыны, жыр айбыны-Алакөл» атты айтысқа жүзден жүйрік ақындар қатысты. Айтысты Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков жиналған көпшілікті құттықтап, ақындарымызға сәттілік тіледі.

Алты алаштың басы қосылған Алакөлдегі айтыс жоғары деңгейде өтті.

Нағыз рухани демалыс сыйлаған айтулы айтыстың бас жүлдесін Еркебұлан Қайназар иеленді  (1000000 т). І орынды Аспанбек Шұғатаев (700000 т) алса, 2 орын Рүстем Қайыртайға бұйырды (500000т). Сонымен бірге, 3 орынға Талғат Мықи, Мақсат Азанов (300000) тұрақтады. Қалған 9 ақынға 200000 теңгенің қаржылай сертификаттары табыс етілді. Көпшілік ұлттық өнердің биік деңгейін тамашалап, өнердің тереңінен маржан терген ақындарға алғыстарын айтты.