Аудан жаңалықтары

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– NEET категориясындағы жастар (29 жасқа дейін), жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар ШҚО Үржар аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалына, Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығына, ауылдық округ немесе елдімекен әкімшілігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі; мекен-жай анықтамасы; өтініш; үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама парақшасы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 3 апта. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 15-16 шілде аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  17 шілде – 02 тамыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасына http://atameken.kz/ сайтында немесе 8 72230 32325 байланыс телефонына хабарласып, Үржар ауылы, Абылайхан данғылы, 142/2 12 каб. кеңес алуға болады.  Оқытуға тіркелу ШҚО Үржар аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалында және Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.