Аудан жаңалықтары

Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесі өтті!

6 шілде күні Қазақстан Республикасының Елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесіне орай аудандағы «Балалар» саябағында ауқымды мерекелік іс - шара өткізілді.

Мерекенің салтанатты бөлімінде аудан әкімдігі құттықтау сөздерін жолдап, марапаттау рәсімін өткізді. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері күшімен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламада: «Мен қазақтың ұлымын», «Бір ел болса», «Астана», «Атамекен», «Есілдің жағалауы», «Туған жерім тамаша» т.б. әсем әндері, күйлері, «Вдохновение», «Сонар» би ансамблдерінің әдемі билері  орындалды. 

Басшы Ж.Андасова