Аудан жаңалықтары

Үржар ауданының өрт сөндірушілері Алакөл жағалау сызығында орналасқан 10 қауіпті объектіні тексерді

Тәуекелдіктің жоғары деңгейіне 100-ден астам жатын орыны бар демалыс базалары жатады. Тексеру барысында инспекторлық құрам 68 бұзушылықты анықталды. Көпшілігі өте маңызды емес, яғни өрт дабылының және өрт сөндіргіштердің болмауы. Кейбір жерлерде жанғыш материалдар өңделмеген, сондай-ақ электр сымдарымен байланысты бұзушылықтар. Үй иелеріне ұсыныс хаттары, сондай-ақ осы бұзушылықтарды тамыз айының бірінші онкүндігіне дейін жою туралы нұсқаулар берілді.

 Үйлердің, демалыс базаларының, сауда орындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үржар ауылының 17-ӨСБ-нен 1 өрт сөндіру есебі қойылды. Қосымша күштер мен құралдар қажет болған жағдайда, есепте Қабанбай ауылында орналасқан тірек бекеті бар.

Сонымен қатар, Алакөл жағалауында шомылу маусымында Өскемен қаласының ШӨАЖҚЖ құтқарушылар тобы тәулік бойы кезекшілік етеді. Шомылу маусымның ашылуына дейін, алдын ала, Алакөл жағалау аймағының түбін ШӨАЖҚЖ сүңгуірлер тобымен тексеріс жүргізілді.

ТЖ бөлімінің, Үржар а. 17-ӨСБ және Мақаншы а. 15-ӨСБ жеке құрамымен  судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін демалушыларға және демалыс орталықтарының басшыларына ескертпе қағаздарды таратумен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Уржар ауданы ТЖБ