Аудан жаңалықтары

Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара

Аудандық демалыс саябағында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай 1 шілде күні ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, қазақтың ұлттық музыка аспабы- қасиетті домбыраны дәріптеу, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту мақсатында  «Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Аудандық «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрі «Көңілашар», «Жылқышы», «Мерекелік күй»  күйлерімен мерекенің шымылдығын ашты. Сахнада Құрманғазының «Балбырауын» күйі, күй тартыс көрермендерге керемет әсер қалдырды. Бағдарламада «Әгугай домбыра», «Домбыра туралы толғау», «Домбыра туралы баллада», «Домбыраның үні ақ», «Ән домбыра», «Домбырасыз ән қайда» т.б  әсем әндері орындалып, мереке жақсы көңіл-күй сыйлады.   

Басшы Ж.Андасова