Аудан жаңалықтары

Құрметті әріптестер!

Сіздерді шын жүректен мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Елбасының Жарлығымен 23 маусым мемлекеттік қызметші күні болып белгіленді.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары мемлекеттік қызмет жүйесі халықаралық сарапшылармен мойындалған маңызды өзгерістерден өтті. Бүгінде біз мемлекеттік басқару жүйесін құру мен жетілдіру процессінде айтарлықтай тәжірибеміздің барлығын сенімді түрде айтып, мақтан ете аламыз.
Мемлекеттік қызметтің кезең-кезеңмен дамуы мемлекеттік саясаттың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі және оның мақсаты мемлекеттік басқаруды кәсібилендіру мен оның тиімділігін одан әрі жетілдіру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату болып табылады.
Билікке деген сенім мемлекеттік қызметшіден басталады, сондықтан ол адал да әділетті болуы және қазіргі қоғамның мұқтажына икемді қызмет етуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілерге халықтың ауқаттылығы мен болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктелгендіктен, мемлекеттік қызметті таңдаған азаматтар зор құрметке лайық.
Барлық мемлекеттік қызметшілерге Еліміздің өркендеуі мен Қазақстан халқына қызмет ету жолындағы еңбектеріне толағай табыс, таусылмас қуат пен жігерлілік, мықты денсаулық, бақыт пен ізгілік тілеймін!


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
депаратментініің басшысы –
тәртіптік кеңес төрағасы
Ж. Қабдолдақызы