Аудан жаңалықтары

Тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторларындағы өрттердің алдын алу мақсатында Үржар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №60,15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері күнделікті өрт қауіпсіздігінің алдын-алу шаралары бойынша ауданымыздағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерді аралау барысында тұрғындармен өрт қауіпсіздігін алдын алу бойынша нұсқамалар өткізіп, ескертпе қағаздарын таратып және өрт бола қалған жағдайда жедел қызметтің қандай номеріне қоңырау шалу керектігі жайлы ескертілуде. Тұрғын үйлердегі өрттің салдары көптеген адамдардың жарақат алуына немесе орын толмас қайғыға (өлімге) әкеледі. Ең үлкен қауіптің бірі адамдардың маскүнем күйінде төсекте шылым шегіуі. Қазіргі таңда көптеген тұрғындар өрт бола қалған жағдайда не істеу керектігі жайлы карапайым іс-әрекеттерді біле бермейді. Оқыс жағдай туындағанда бала кезден естіп келе жатқан –«101-ге қоңырау шалыңыз» деген ескертпеніде ұмытып қалады. Оқыс жағдай туындағанда сіздерге қарапайым бірнеше кеңестер береміз. Ең бастысы ешқашанда әбігерге түспеу қажет!
Көптеген өрттер тұрғын үйлерде орын алады. Олардың себептері әрқашанда бір-біріне ұқсас болады-ақаулы электр жүйелері, тыйым салынған орындарда шылым шегу және электр құралдарын қараусыз қалдыру. Сіздің үйіңізде немесе көршіңізде өрт бола қалған жағдайда өртке қарсы қызметке қоңырау шалыңыз.
Егерде тұрмыстық электр құралдары жанатын болса оларды тоқ көзінен ажыратуға тырысыңыз, теледидар өртенетін болса ең бірінші оны ток көзнен ажыратыңыз немесе үйді тоқпен қамтамасыз ету көзінен (автоматтан) өшіріңіз. Есіңізде болсын! Жанған теледидар көптеген улы заттар бөледі, сондықтанда үйдегі адамдарды тысқа шығаруға тырысыңыз.
Егер өрт үйдің бір бөлмесінде пайда болып және ол тарай бастаса сол бөлменің есігін тығыз жабыңыз, ол өрттің үй ішіне, баспалдақ алаңдарына тез таралуына жол бермейді. Басқа бөлмеге түтіннің өтуін болдырмау үшін есіктің астындағы ашық жерлерге дымдалған шүберек қойыңыз. Қатты түтін басқан аймақтан сыртқа еңбектеп немесе отырып жүру арқылы шығыңыз.

Түтіннің немесе өрттің пайда болғанын байқасаңыз:
. БІРДЕН 101 телефоны арқылы өртке қарсы қызметке қоңырау шалыңыз;
.өрт сөндірушілер келгенше адамдарды тысқа шығарыңыз;
. қолда бар құралдармен өртті сөндіруге кірсіңіз.

Құрметті аудан тұрғындары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бей-жай қарамаңыздар, қарапайым ережелерді сақтасаңыздар Сіздер өздеріңізді және дүние-мүліктеріңізді өрттен аман алып қаласыздар!

«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ»ММ Мақаншы ауылы №15 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сырым Семейханұлы Заданов.