Аудан жаңалықтары

Саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті

31 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған маңызды іс-шара  «Алаш ардақтылары Сәкен, Ілияс, Бейімбет» атты концерт-спектакль өткізілді. Бұл шара жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, саяси репрессия құрбандарына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары,  аудандық мекемелер, бөлім басшылары, аудандық мектеп ұжымдары мен оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарихи театрландырылған көріністі көрермен назарына ұсынды. Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілімі болды. Іс- шара барысында «Мен қазақтың ұлымын», Шәкәрім Құдайбердиевтың «Сұраған жанға сәлем айт», «Дүние- ай», «Алаш туы», Мағжан Жұмабаевтың «Самал тау», «Қазақ деген құдайдың қара өлеңі», «Жастарға арнау» т.б әндері орындалды.