Аудан жаңалықтары

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Үржар аудандық мәдениет үйінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шара өтті. Аудан әкімінің орынбасары  Б.Қ.Тұрлыбеков аудан жұртшылығын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шараға аудан орталығындағы Абай, І.Жансүгіров, Абылайхан, Б.Момышұлы орта мектептері белсене атсалысып, мерекелік бағдарламасын көрсетті. Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Абылайхан даңғылы бойында жастар шеруі өткізілді. Аудандық орталық кітапханасының ұжымы аталмыш тақырыпта мәдениет үйінің дәлізінде кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Аталмыш шара мәдениет үйі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Аудандық ішкі саясат бөлімі