Аудан жаңалықтары

1 маусым –Балаларды қорғау күні мерекесі өткізілді

1 маусым – балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік» алаңында «Балдаурен- ән даурен» атты ойын-сауық мерекесі ұйымдастырылды. Аталған мереке аудандағы «Жас инспекторлар» ұйымдарының шеруімен басталды. «Тәуелсіздік» алаңында құрылған сахнада балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді. Балаларға арналған әртүрлі көңілді ойындар,  сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.  Мерекенің екінші бөлімінде аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Бота» қуыршақ театрының актерлары дайындаған «Туған күн» атты ертегісі балаларға ұсынды.