Аудан жаңалықтары

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу  күніне арналған тағзым шарасы өтті

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тағым шарасы өткізілді. Шараның мақсаты: жастарға патриоттық тәрбие беру, туған елін, жерін  сүюге баулу, саяси репрессия құрбандарына тағзым ету.

Тағзым шарасына аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Қарашев, аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысып, аталған күннің қазақ елінің тарихында алар орны мен маңыздылығына ерекше тоқталды. Шараға ауыл тұрғындары, аудандық мекеме мен бөлім басшылары мен қызметкерлері, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері, мектеп ұжымдары қамтылды.

Тағзым шарасы театрландырылған көрініспен жалғасын тапты.

Үржар аудандық ішкі саясат бөлімі