Аудан жаңалықтары

Құрметті аудан тұрғындары !!!

Егер сіз үйден шықпай-ақ тез әрі жылдам  қызмет алғыңыз келсе  онда тек сіз үшін ғана цифрлық сауаттылықты көтеру  курсы төрт негізгі бағыт бойынша өткізілді:
1.    «Негізгі цифрлық дағдылар» бағыты  Сізді компьютер және ноутбук, мобильді құрылғылар (смартфондар) және Интернетте жұмыс істеуге үйретеді.
2.    «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» порталы Сізді  Электронды үкімет арқылы үйден шықпай-ақ тәз әрі жылдам мемлекеттік қызмет алуды үйретеді.
3.    «Ашық Үкімет» бағыты Сізге ашық үкімет порталының төрт негізгі компонентін пайдалануды үйретеді. Олар: ашық деректер, ашық регламенттер, ашық бюджет және диалог.
4.    «Электрондық коммерция»  Сізді онлайн түрде тауарлар мен қызметтерді қалай сатып алуға және сатуға үйретеді.
Оқыту жұмыстары 2019 жылдың 27 мамырынан 1 маусым аралығында аудан және ауыл мектептерінде өткізіледі. Курсқа қатысам деушілер алдын-ала ауылдық округ әкімдіктерінде тіркелуі қажет. Оқытуға қатысушылар курс қорытындысы бойынша сертификаттарға ие болады. Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс номеріне хабарласыңыздар: 3-49-13, 3-42-45.