Аудан жаңалықтары

Ұлы Жеңіс күнінің 74 жылдығы аталып өтілді

Ұлы Жеңіс күнінің 74 жылдық мерейтойы Үржар өңірінде кең көлемде аталып өтілді. Аудан орталығының Тәуелсіздік алаңынан бастау алған шара барысында «Батырлар аллеясындағы» ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, ерлікпен қаза тапқан батырлар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Бұдан кейін 2086 шекара отрядының әскери оркестрі және шекарашы сарбаздары, Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль апатына қатысушылар, «Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі», Абай, Абылайхан, Жансүгіров, Б.Момышұлы, М.Хасенов атындағы ОМ-нің жас сарбаздары мен «Мәңгілік полк» шеруі жүріп өтті. Мерекелік шара патриоттық әндер мен қойылымдарға жалғасты.